"2014 жылдан бері Қазақстандағы автокөлік өндірісі дағдарысқа ұрынды. Бұған теңге девальвациясы әсер етті" деген пікірлер бар. Көлік өндірушілердің өздері шетелдік детальдар қымбаттағанын айтады.
Қазақстан көлік өндірісі одағы өкілдерінің мәліметі бойынша, "Қазақстан тұрғындары жыл сайын 20 мың шамасында жеңіл көлік сатып алады. Оның 76 пайызы - шетел өнімі".
Азаттық қонағы көлік өндірісі саласында басшылық қызмет атқаратын маман Олег Алферов Қазақстанның көлік өндірісінің қазіргі ахуалы туралы әңгімеледі. Тікелей эфирде орыс тілінде өткен хабардың видеосын мына сілтеме бойынша көре аласыз.