Қазақстанда кейінгі жылдары мектептердегі орта білім мәселелері, оның ішінде оқушыларды үш тілде оқыту, оқу жылы мерзімін жазға дейін ұзарту сияқты ұсыныстар әлеуметтік желілерде талқыланып, жұрт назарын аударды.
Биыл қыркүйекте елдегі кейбір мектептерде оқушы санының күрт көбейгені, ал кейбірінде тым азайып кеткені тағы хабарланды. Алматы, Астана сияқты ірі қалалардағы мектептерде кейбір бастауыш сыныптар саны 18-ге дейін жеткен.
Азаттықтың "бірнеше тілде оқытуға мектептер дайын ба?", "сыныптардағы бала санының көптігі білім сапасына қалай әсер етеді?", "орта мектептердің бүгінгі ахуалы қандай?" деген сауалдарына оқушыларға қосымша білім берумен айналысатын республикалық «Қазбілім» орталығы директоры Аятжан Ахметжан жауап берді.