Дәрігерлер мәліметіне қарағанда, қайтыс болғандар көрсеткіші бойынша онкологиялық дерт Қазақстанда екінші орында тұр. Қазір күніне 100-ге жуық адамнан қатерлі ісік анықталады. Мамандар бұл кесел жылдан-жылға көбейіп келе жатқанын айтады. 2015 жылы рактан 16 мыңға жуық адам қайтыс болған.
Қатерлі ісік неге дендеп барады? Оған қалай қарсы тұруға болады? Аурудың алдын алу амалы бар ма?
AzattyqLIVE бұл тақырыпты Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының бас және мойын ісіктері орталығының жетекшісі, медицина ғылымдарының докторы Ғалым Әділбаевпен талқылады.