Қазақстанда президент қаулысымен ішкі істер министрлігі құрамында көші-қон қызметі комитеті құрылатын болды. Енді оралмандар квотасы мен шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны ішкі істер министрлігі қалыптастырады. Көші-қон комитеті бұрын денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі құрамында болған еді.
Бұдан басқа, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қаулысымен ұлттық экономика министрілігіндегі көші-қон саясатын қалыптастыру өкілеттігі денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне берілді.
Осы өзгерістер орайында үкіметке 2017 жылғы сәуірдің 1-іне дейін
2017-2021 жылдарға арналған көші-қон саясаты тұжырымдамасын әзірлеу тапсырылды. Мұндай тұжырымдама бұған дейін 2007 жылы қабылданып, оның мерзімі 2015 жылы аяқталған болатын.
AzattyqLIVE Қазақстанда көші-қон комитетінің қайта құрылуы, көші-қон саясатын қайта қарастыру қандай мәселелерді шешетінін қоғам белсендісі Ауыт Мұқибекпен талқылады.