«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға президент қарашаның 24-і күні қол қойды. Бұл құжаттың төңірегінде біршама қоғамдық талқылаулар болған. Әлі де жүріп жатыр.
Оның ішінде, Моңғолиядан келген оралмандардың еңбек өтілінің ескерілмей қалуы, Қытайдан оралған қазақтардың сотталғаны не сотталмағаны жөнінде анықтама талап етілуі сияқты кедергілерді бұл қабылданған құжат шеше алмай отырғаны айтылып келеді.
Оқи отырыңыз: Көші-қон туралы заң жобасына түзету енгізуді ұсынды
AzattyqLIVE хабарының тікелей эфирінің қонағы «Жебеу» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Омарәлі Әділбекұлы болды.