Accessibility links

Жаңа форматтағы ҰБТ қандай болмақ?


ҰБТ тапсырып шығып келе жатқан түлектер. Алматы, 3 маусым 2013 жыл. (Көрнекі сурет)
ҰБТ тапсырып шығып келе жатқан түлектер. Алматы, 3 маусым 2013 жыл. (Көрнекі сурет)

AzattyqLIVE ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) енгізілген өзгерістерді талқылады. Студия қонағы - EDTECH» халықаралық білім орталығы жетекшісі Ғани Бейсембаев.

Білім және ғылым министрлігі 2017 жылы ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) жаңа форматпен өтетінін хабарлады. Енді түлектер өз білімдерін екі рет сынайды. Біріншісі – мектеп аттестатын алу үшін төрт міндетті және бір таңдаған пәні бойынша емтихан тапсырады. Екіншісі – жоғары оқу орнына түсу үшін үш міндетті пәннің (60 сұрақ) тесті мен екі бейінді пәннің ауызша сынағы.

Мектеп бітірушілер тапсыратын ҰБТ-ға бірнеше өзгеріс енгізілген еді. 2004 жылы ҰБТ міндетті үш, таңдаулы бір пәннен (120 сұрақ) тұрды. Нәтижесі мектеп аттестатын алуға және ЖОО-ға түсуге жарайтын. Кейін әр пән сұрағы 25-ке қысқарып, пән саны бесеу болды. Уақыты 180 минуттан 210 минутқа көбейген. Енді ҰБТ-дан қажет балл жинай алмағандарға сол жылы тамыз айында және келесі жылдың қаңтар айында қайта бақ сынауға мүмкіндік берілмек.

ҰБТ жүйесі өзін ақтады ма? Ендігі өзгерістердің мәні неде? Тест қысқарып, ауызша сынақтың енгізілуі ненің белгісі? Ауызша емтихан – тамыр-таныстық пен парақорлыққа жол ашпай ма? Осы және өзге де сауалдарға EDTECH халықаралық білім орталығы жетекшісі Ғани Бейсембаев жауап берді.

Жаңа форматтағы ҰБТ қандай болмақ?
please wait

No media source currently available

0:00 0:33:25 0:00

XS
SM
MD
LG