Алматыда жылжымайтын мүлкі банкте кепілде тұрған борышкерлердің аштық жариялағанына бір айдан асты. Наразылық акциясына қатысушылардың бәрі – жалғыз баспанасынан күшпен шығару қаупі төнгендер. Олар «Аштықты желтоқсанның 16-сына дейін, керек болса одан да ары жалғастырамыз. Өйткені билік селт етпей отыр» дейді.
Он шақты адам Алматыдағы жабық бөлмелердің бірінде аштық жариялап жатыр. Бірақ көбі наразылық акциясын кезектесіп өткізеді. Аштықтан әлсіреген адамның орнына борышкерлер қозғалысының басқа белсендісі жатады. Бірақ аштық жариялағандардың көбінің жағдайы нашарлап кеткен.
– Осы уақыт ішінде шамамен 27 адамды жедел жәрдем әкетті. Аштық жариялағандардың денсаулығы сыр беріп, көбінің ауруы асқынып кетті. Шарасыздықтан күйзеліске түстік. Мына адамдар қимылсыз жатыр, тіпті бір-бірімізбен сөйлесетін әліміз жоқ, – дейді Алматы тұрғыны Әлиям Тұрдиева Азаттық тілшісіне.
Аштық акциясына қатысушылар шай, тұзды су не басқа сусын ғана ішеді. Бірақ ол да ағзаға қауіпті. Ресейлік ғалым, медицина ғылымдары кандидаты Михаил Зейгарник биыл "Болотный ісі" бойынша айыпталған Сергей Кривовтың аштық жариялауына байланысты Кommersant.ru сайтына берге сұқбатында мұның зиянын айтқан. «Әуелі ас қорыту жолдары, бауыр зақымданады. Оған қоса бүйрекке, ағзадағы зат алмасуға жауапты мүшелерге де кесірі тиеді. Көп уақыт бойы аш жату жүйке жүйесіне, миға, жұлынға да өте зиян. Аштық ұзаққа созылған сайын кесірі де қауіпті бола түседі» дейді Михаил Зейгарник.
Экономикалық дағдарыс кесірінен борышкерлердің көбі төлем қабілетін жоғалтып, несиені өтеуге шамасы келмей қалды. Кейбірі жұмысынан немесе бизнесінен айырылды. Кейбір деректерге қарағанда, Алматы қаласының өзінде қаржылық қиындыққа ұшыраған 500-ге жуық отбасына баспанасынан айырылу қаупі төнген. Ипотекалық борышкерлер басқа қалаларда да көбейіп барады. Бірақ сот үкімін орындаушылар қыс түскеніне қарамастан, оларды үйінен шығаруды жалғастырып жатыр.
КҮШПЕН ШЫҒАРУҒА ҚАРСЫ ҚОЛ ЖИНАУ
Аштық жариялағандар мен осындай күйге түскен барлық борышкерлерді қолдау үшін «Азаматтарды жалғыз баспанасынан күшпен шығарудан қорғайық» науқаны аясында интернетте қол жинау жүріп жатыр.
Бұл онлайн-петицияның бастамашысы, «Қазақстанда парламентаризмді дамыту қорының» басшысы Зәуреш Батталова «Сот пен мемлекеттік органдардың күшімен азаматтардың жалғыз баспанасын банктердің тартып алып жатқанына көп болды. Бұл бүкіл отбасы мүшелерінің (оның ішінде балалар, қарт, ауыр науқас, мүгедек жандар да бар) денсаулығы мен өміріне қауіп төндіреді, үйсіз-күйсіз жандардың көбеюіне, әлеуметтік жайсыздыққа әкеледі» деп есептейді. Сондықтан ол үйінен күшпен шығарылған адамдардың балама баспана алу құқығын Қазақстан заңдарында қарастыруды ұсынады.
БАНК ҰСТАНЫМЫ: «АЛДЫҢ – ҚАЙТАР!»
Банкирлер мұндай жағдайда «Халыққа, компанияларға несие беру үшін өзіміз де қыруар қаржыны қарызға алып отырмыз. Клиенттеріміз алған несиесін уақытында қайтарып, банк алдындағы, ал біз өз кредиторларымыздың алдындағы міндеттемелерімізді орындауға тиіспіз» деген уәж айтады.
Ипотекалық несиесін өтеуге қабілетсіз борышкерлермен қандай жұмыс жүргізіліп жатқанын білу үшін Азаттық тілшісі кейбір коммерциялық банктерге сауал жолдады. Тілші сауалына «Қазкоммерцбанктің» жұртшылықпен байланыс департаментінің қызметкері Сергей Чикиннен жауап келді. Оның жазбаша жауабында «Банк заң аясында қалтқысыз әрекет етеді, бірақ проблемалық мәселелерді шешуде борышкермен ынтымақтастыққа келуге әрдайым дайын» деп көрсетілген.
«Банк сотқа жүгінбес бұрын борышкерге тығырықтан шығудың балама жолдарын ұсынады. Борышкермен ұзақ келіссөз жүргізіп, кешіктірілген қарызды қайтаруға шақырады. Проблемалық несиені «сауықтырудың» түрлі амалдарын ұсынады. Ал борышкер еш уәжге көнбей, жағдайды реттеуге мүлде құлықсыздық танытса, банк қарызын қайтарып алу үшін сотқа жүгінуге мәжбүр болады. Азаматтық дауларды сот төрелігі ғана шешеді. Бірақ күшіне енген сот шешімін өз еркімен орындаудан бас тартатын жағдайлар жиі кездеседі. Сондықтан сот үкімін орындаушы атқару өндірісі тәртібіне сәйкес, кепіл мүлікті сату арқылы сот шешімін күшпен орындату шараларын жүргізеді» деп жазылған «Қазкоммерцбанктің» хатында.
Банктер мен соттар «Төлем қабілетін уақытша жоғалтқан борышкерлердің жағдайын ескеруге әзірміз» деп жиі мәлімдейді. Ал «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» заңның 21-бабына сәйкес, сот уәжді себебі болса, борышкердің өтініші бойынша кепіл мүлікті сату мерзімін бір жылға дейін шегеруге құқылы. Оның үстіне кейбір банктер қарызын кешіктірмей толық көлемде төлеп келген борышкердің ай сайынғы төлем мөлшерін де азайта алады. Бірақ сот кепілге қойылған баспананы сату туралы шешім шығарса, сот үкімін орындаушылар борышкерді үйінен күшпен шығаруға міндетті.
Банкротқа ұшырап, сергелдеңге түскен жан пәтерден күшпен шығару кезінде әдетте жанжал шығарып, баспасөзге шағымданады. Мұндай жағдайда сот үкімін орындаушылар жанжалмен болса да өз міндетін орындайды. Қараша айының ортасында 56 жастағы Бибіжан Сембаеваны 72 жастағы әпкесі Галина Сембаева мен 17 жастағы қызы Нейла Сембаевамен бірге Алматыдағы бір бөлмелі пәтерінен шығарып жіберді. Ол «Темірбанктен» алған несиесін өтей алмаған.
ВИДЕО: Сембаевалар отбасын пәтерден шығару
«БАСПАНА – ЕРКІНДІК СИМВОЛЫ»
«АРД» қоғамдық бірлестігінде жұмыс істейтін құқық қорғаушы Денис Әлімбековтің айтуынша, ипотекалық келісім-шарттар көбінесе әділ құрастырылмайды. Оның пікірінше, банктер несиені әдетте өздеріне тиімді шарттармен береді.
«Ипотекалық келісім-шарт дұрыс, заңды құрастырылған ба, бұл – екінші мәселе. Мүмкін өз пайдасын көздеген банк несие алушылар есебінен баю мақсатында заңды бұзуға барған шығар?» дейді ол.
Құқық қорғаушының пікірінше, банктер қиындыққа тап болған клиенттерінің жағдайын ескеріп, түсіністік танытуы тиіс. Ол мұндай жағдайлар ретінде клиенттің жұмыстан қысқаруы, мүгедек болып қалуы, жақын туыстарының бірінің қайтыс болуы, дағдарыс кесірінен бизнесін жоғалтуы сияқты жайттарды атайды.
– Бірақ біз банктерде ешқандай икемге көнбейтін, «Қарыз алдың – қайтар!» деген бір-ақ ереже бар екенін көріп отырмыз. Ал жұрт ипотекалық несиені баспана сатып алып, онда бала-шағасымен тұру үшін, өмірге жаңа ұрпақ әкелу арқылы елдің ұлттық әлеуетін арттыру үшін алады емес пе, – дейді Денис Әлімбеков.
«Баспаналы болу - адамның негізгі құқықтарының бірі» деген құқық қорғаушының пікірінше, борышкерді баспанасынан күшпен шығаруға мемлекет заң жүзінде тыйым салу шараларын қарастыруы тиіс. Өйткені мұндай жағдайлар ушықса, әлеуметтік дағдарысқа ұласып кетуі мүмкін.
Құқық қорғаушы Денис Әлімбеков «қазақстандықтар үшін баспана – еркіндіктің символы» дейді.