Оқушылар талып қалды
Батыс Қазақстан облысы Бөрілі ауданының Березовка ауылында төрт мектеп оқушысы естен танып құлады. Оқушыны бірінің әкесі Тілек Темірғалиевтің айтуынша, ол кеше түстен кейінгі сағат 15-те 11 жастағы ұлын мектепке әкелген. Бір сағаттан соң оған баласының естен танып құлағанын хабарлаған. "Мектептегі медпунктке барғанымда онда ұлымнан басқа тағы үш қыз бала болды. Олардың жанында бірнеше дәрігер болды. Дәрігерлер ешнәрсе істеген жоқ, тек бақылап отырды. Балалар дірілдеп, қалшылдап, кейбірі естен танып жатты",- деді Темірғалиев. Балалар бір сағаттан кейін естерін жиған соң ата-аналар оларды үйлеріне әкеткен.