Березовка бір жылдан соң көше бастады
Батыс Қазақстан облысы Бөрілі ауданы Березовка ауылындағы оқушылар жаппай уланған оқиғадан бері бір жыл өткенде билік мұндағы тұрғындарды көршілес Ақсай қаласына көшіре бастады. Жұрттың кейбірі "көшіру процесі жөніндегі ақпараттар ашық емес екеніне" наразы. Ілеспе газды үнемі өртеп жатқан Қарашығанақ кеніші маңындағы Березовканың кей балалары әлі ауыратындарын айтады.