Accessibility links

Оралманды еңбек мигрантымен теңестірген заң бекітілді


Жол бойында жұмыс берушіні күтіп отырған оралман аналар. Алматы облысы Талғар ауданы Жалғамыс ауылы, 17 қазан 2011 жыл.
Жол бойында жұмыс берушіні күтіп отырған оралман аналар. Алматы облысы Талғар ауданы Жалғамыс ауылы, 17 қазан 2011 жыл.

«Президент Назарбаев қол қойған еңбек көші-қоны туралы заң шетелдегі қазақтардың келуіне кедергі» дейді оралмандар. Ал ресми өкіл заңның тиімді тұстары көп екенін айтады.

Оралмандардың «Отандас ел» қоғамдық бірлестігінің бас хатшысы Қайрат Байтолла – Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев желтоқсанның 10-ы күні қол қойған «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне еңбек миграциясы мәселелері бойынша түзетулер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға наразы репатрианттардың бірі.

– Билік осы заң арқылы жат жерден келген қандастардың құқығын бұзды. Тәуелсіздік алған 22 жылда Қазақстандағы қазақтардың өсімі артқан. Оның басым бөлігі оралмандар есебінен артқаны белгілі. Енді билік оралмандарды шектеу арқылы қазақтың өсімін де азайтып отыр, – дейді ол Азаттыққа.

Жаңа заң жобасында оралмандарға бұрынғыдай квота бермей, оның орнына үй салуға, шаруашылықпен шұғылдануға жер учаскесі таратылатыны, тұрғын-үй құрылыс банкі арқылы оңайлатылған кредит беретіні жайлы жазылған. Биылғы қараша айында заң жобасы сенаттың екінші оқылымындағы талқылаудан өтпей қалып, мәжіліске қайтарылған болатын. Бірақ кейін жобаның көп өзгеріске ұшырамай президентке жіберілгені белгілі болды. Сенаторлар Қазақстанға көшіп келген этникалық қазақтарға азаматтықты төрт жылдан соң беру туралы ғана толықтыру енгізген болып шықты (басқа мигранттар азаматтықты бес жылда алады – ред.). Көптеген оралмандар әсіресе осы соңғы талапқа наразы болған.

ОҚЫҢЫЗ: Шетелдік пен азаматтың арасындағы статус

«БИЛІК ОРАЛМАНДАРДЫ ЖАҚТЫРМАЙДЫ»

Оралмандар мәселесін жиі қозғайтын «Көрші» журналының бас редакторы, Қазақстанға 2004 жылы көшіп келген Ибрагим Қошқари заңдағы мұндай өзгерістерді «биліктің оралмандарға деген теріс көзқарасы» ретінде сипаттайды.

– Қазақстан билігі оралмандарды жақтырмайды, өш деуге де болады. Мәселен, қазір «Оралмандар алам деп емес, берем деп келсін» дейтін сөз жиі айтылады.
"Көрші" журналының бас редакторы Ибрагим Қошқари. Алматы, 11 желтоқсан 2013 жыл.
"Көрші" журналының бас редакторы Ибрагим Қошқари. Алматы, 11 желтоқсан 2013 жыл.
«Оралмандар не береді?» дегенге келсек, олар ең алдымен ұрпағын береді ғой. Аз қазақ үшін оның өзі үлкен олжа емес пе, – дейді ол.

Ибрагим Қошқари жергілікті жұрт арасында оралмандарға қарсы пікір қалыптастыру сарыны бар деп санайды.

– Әуелі көші-қон комитетінің жетекшісі Қабылсаят Әбішовтің аузымен «оралмандар – надан» дегізді. Одан кейін президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі Қызылағашқа барған сапарында «оралмандар Қазақстанның дамуына үлес қосқан жоқ» деп бөле-жара атады. Мұнан соң Жаңаөзендегі билік өз қолымен жасаған қырғынды оралмандарға жапты. Осы арқылы жергілікті тұрғындарды оралмандарға қарсы қойды, – дейді Ибрагим Қошқари.

ОҚЫҢЫЗ: «Оралмандар туралы теріс түсінік тарап барады»

Павлодар облыстық әкімшілігінде жұмыс істейтін, аты-жөнін жасыруды өтінген азамат та Азаттыққа хабарласып, жаңадан қабылданған заңды қолдамайтынын
Оралман. Сәбиттің карикатурасы. Алматы, 3 тамыз 2012 жыл.
Оралман. Сәбиттің карикатурасы. Алматы, 3 тамыз 2012 жыл.
айтты. Ол «соңғы екі жыл көлемінде оралмандарға қарсы насихат машинасы жүйелі түрде жұмыс жасады» деген пікірде. Оның айтуынша, 2013 жылы қаңтар айында облыс әкімдері, облыстық ішкі саясат басқармалары президент әкімшілігінен құпия ақпараттық хат алған. Құжат елдегі саяси-ахуал туралы ақпаратты күн сайын кешкі 19.00-де сағатта хабарлап отыруды міндеттеген.

– Ол құжатта «жергілікті жерде өткен митинг, бас қосу, жиналыстармен қатар үкіметтік емес ұйымдар, саяси партиялар, соның ішінде оппозициялық партиялар мен оралмандар жөнінде ақпарат беріліп отырсын» деп жазылған. Билік оралмандардан неге қауіптенеді екен? Сенбегені емес пе? – дейді Павлодардағы мемлекеттік қызметкер.

«ЖАҢА ЗАҢ ОРАЛМАНДАРҒА КӨП ЖЕҢІЛДІК БЕРЕДІ»

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне қарасты көші-қон департаментінің аты-жөнін жарияламауды өтінген өкілі Азаттыққа оралмандардан түсіп жатқан арыздың негізсіз екенін айтты. Өкілдің сөзінше, «жаңа заң шетелден келген оралмандардың нақты санын, кәсібі мен тұрақты мекенін біліп отыруға
Өскемен түбіндегі оралмандардың Нұрлы көш ауылы. Қараша айы, 2011 жыл.
Өскемен түбіндегі оралмандардың Нұрлы көш ауылы. Қараша айы, 2011 жыл.
сеп болады». Заң жобасын дайындауға өзі де қатысқанын айтқан өкіл мемлекеттік қызметкер болғандықтан заң жайлы пікір білдіруге құқығы жоқ деп санайды.

– Басында президенттің өзі оралмандарға азаматтық беру мерзімін бес жыл деген. Кейін сенат депутаттары төрт жылға азайтты. Өйткені осы уақыттың ішінде Қазақстанға келген оралман толық ойланып, азаматтық алуға шешім қабылдай алады. Жаңа заң аясында олар оралман куәлігін алғаннан кейін біршама жеңілдіктерге ие болады, – дейді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі көші-қон департаментінің өкілі.

Азаттық тілшісінің «Ол қандай жеңілдіктер?» деген сауалына өкіл «Оралмандар тұрғын үй салуға немесе үйін жөндеуге жеңілдетілген жолмен несие ала алады және бейімдеу орталықтарынан ақыл-кеңестер алады» деп жауап берді. Бірақ көші-қон департаментінің өкілі «Азаматтығы жоқ адамның тұрақты тіркеуге тұру мәселесі қалай шешіледі»?» деген сауалға жауап бермеді.

Департамент өкілі «Оралман мәртебесін алған кісі жұмыспен қамту бойынша кейбір жеңілдіктерге ие» дегенімен, оның қандай жеңілдіктер екенін де айта алмады.

ОҚЫҢЫЗ: Қазақстанға келуші оралмандар азайып барады

Бұған дейін Азаттық тілшісіне осы заң жобасына қатысты парламент сенатының
Оралман мәртебесін алған адамның куәлігінің мұқабасы. Алматы, 18 қараша 2011 жыл.
Оралман мәртебесін алған адамның куәлігінің мұқабасы. Алматы, 18 қараша 2011 жыл.
​ конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің бөлім меңгерушісі Рашид Евниев арнайы комментарий берген еді.

Ол жаңа заң бойынша оралмандарға бұрынғыдай квота берілмейтінін, бірақ оның орнына үй салуға, шаруашылықпен шұғылдануға жер учаскесі таратылатынын, оралмандардың тұрғын-үй құрылыс банкі арқылы оңайлатылған кредит алуларына болатынын айтқан.

Евниевтің сөзінше, тарихи отанына оралған шетелдік қазақтарға оралман мәртебесі беріліп, олар мамандығына қарай жұмысқа орналастырылады.

– Оралман мәртебесі – Қазақстан азаматы мен шетелдік азамат мәртебесінің арасында. Бірақ соның өзінде мемлекет оларға өте үлкен жеңілдік жасап отыр. Жай шетелдік азаматқа бес жыл ішінде ондай ешбір жеңілдік жасалмайды, – деген ол.

Рашид Евниевтің заңды түсіндіруі бойынша, азаматтық алмаған оралман әлдеқандай себеппен кері қайтқысы келсе, өзіне берілген жер учаскесін жеке мүлкі ретінде сата алмайды. Оны жергілікті атқарушы органдар бақылайды.

Заң мәтінінің соңғы өзгертілген жобасын мына сілтеме арқылы оқи аласыздар.

1990 жылдардан бері шеттен көшіп келіп жатқан оралмандардың статусын мигранттарға теңестірген «Еңбек көші-қоны туралы заңның» толықтырылған нұсқасына бірқатар белсенді рептарианттар биылғы қазан айынан бастап әлеуметтік желі мен жергілікті БАҚ-та қарсылық таныта бастаған еді.
XS
SM
MD
LG