Желтоқсанның 20-ы күні Алматыда таныстырылған Назарбаевты дәріптейтін "Елбасы сыныптастары" атты тағы бір кітап оның Алматы түбіндегі Қаскелең мен Шамалған ауылындағы мектепте оқыған жылдары туралы естеліктерге толы. Сыныптастары президентті жан-жағынан сипаттайды. Кітаптың презентациясы Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының ғимаратында өтті.
"ОРЫН ЖЕТПЕЙ ҚАЛДЫ"
Кітаптың тұсаукесері басталмай жатып филармония ғимаратынан шығып тротуарға қарай беттеген, қуаныштан бал-бұл жанған жастар көрінді. Бұлар - презентацияға арнайы әкелінген студенттер болып шықты. Зал лық толы болғандықтан студенттерге үйге қайтуға рұқсат етіпті.
Алдыңғы қатарларға жасы келген қариялар жайғасыпты. Олардың ішінде Назарбаевтың 29 сыныптасы мен екі мұғалімі бар екен. 96 жастағы Сейітхан Исаев болашақ президент оқыған мектепте химия пәнінен сабақ берген, оқу ісі бойынша меңгеруші де болған. Ал 94 жастағы Әсет Асқаров тарихтан сабақ берген. Екеуі де кеуделері орден мен медальға толы (біразын тәуелсіз Қазақстан табыс еткен - ред.) екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлері.
Президенттің ұстаздары мен белгілі әнші Бибігүл Төлегенова жиналған жұрт назары ауған жандарға айналды. Ұйымдастырушылар үшеуіне де шапан жапты. Бибігүл Төлегенованың президент туралы фильмде оның әжесі болып ойнағанын атап өтті.
Залда орта жастағы адамдар көп болды, жастардың да қарасы қалың көрінді. Погон тағынған әскери киімді курсанттар да көзге түсті. Олар ҰҚК-нің шекара қызметі академиясынан болып шықты. Қарасай ауданынан арнайы әкелінген көрермендер де байқалды. Маңызды қонақтарға арналған лоджияларда отырған әйелдер Азаттық тілшісіне өздерін Назарбаевтың туысы "Светлана Назарбаеваның адамдарымыз" деп таныстырды.
Бұлайша лықа толған залды алматылықтар сирек көрер еді. Көрермендердің ішінде белгілі мәдениет қайраткерлері, университет ректорлары да көзге шалынды. Ұйымдастырушылардың бірі журналистерге Асқар Құлыбаевтың да келгенін айтып жатты. Асқар Құлыбаев – бұрынғы КПСС-тың лауазымды функционері, мұнай магнаты Тимур Құлыбаевтың әкесі.
Фойеде Азаттық тілшісі тағы бірқатар маңызды қонақтарды көрді. Олардың ішінде Жүргенев атындағы Өнер академиясының ректоры Арыстанбек Мұхамедиұлы жүрді.
– Кез-келген кітаптың қоғамға зор пайдасы бар деп білемін. Өмір жолы туралы шынайы жазылған болса екі бастан. Бұл кітап авторларының өмір жолы ерекше болған. Самғау жылдарын да, қиын кезеңді де бастан өткерген. Өз дәуірін сипаттаған шын адамдар. Көркем шығарма емес, қиял-ғажайып емес, - деді Арыстанбек Мұхамедиұлы Азаттыққа.
"БІР ҮТІРГЕ БОЛА"
Бұл - Назарбаев кластастары жазған естеліктің алғашқы басылымы болмай шықты. Алғашқы мың данасы 2012 жылы жарияланған екен. Биыл жазда қазақша жазылған кітап толықтырылып, қайта баспаға жіберілген.Үңіліп қараған адам сапалы қағазға басылған кітаптың фотоға толы екенін көреді. Сол себепті оны кітап-альбом деп атауға да келеді.
Кітап сату үшін емес, тек сыйлау үшін шығарылған. Ұйымдастырушылар біразын кітапханаларға таратпақшы. 2014 жылы кітапты орыс тіліне аудару да жоспарланған.
Республикалық "Ақорда" қозғалысының төрағасы, "Нұр-Отан" партиясы хатшысының кеңесшісі Қанат Мұсағұловтың айтуынша, мұндай кітап жазу туралы идея әуелі оның ойына келген.
– Ашығын айтайық, бәріміз де президентті жақсы көреміз. Ол туралы Қазақстан мен күллі әлем білетін жайттар бар. Бірақ сыныптастарынан басқа ешкім білмейтін жайттар да бар. Елдің бәрі оның озат оқушы болғанын, алтын медаль алуға тиіс болғанын біледі. Бірақ бір үтірге бола медаль ала алмай қалғанын білмейді, - деді Қанат Мұсағұлов.
Бірақ бұл деталь Назарбаев мектепті үздік бітірді деп сипаттайтын кейбір биографияларға қайшы келеді. Назарбаевтың 1958 жылы жақсы аттестат алса да, жоғары оқу орнына түсе алмағаны белгілі. Сол себепті қиырдағы Украинаға барып техникалық училищеде болат балқыту ісін оқиды. Кейін Карметкомбинаттың жұмысшысы болып жүріп 1960 жылдардың ортасында комсомол ұйымына ауысады. Содан соң қызметі тез өсе бастайды. Сол екпінмен билік басына шыққан Назарбаев ширек ғасырдан астам уақыт бойы Қазақстанды билеп келеді. Оның авторитарлық басқару стилін халықаралық демократиялық ұйымдар жиі сынайды.