Accessibility links

Қазақстан автокөліктер үшін "Еуро-3" стандартын енгізуге дайындалып жатыр


Астаналық жол полициясы қызметкері басқа қалада тіркелген көлікті тоқтатып тұр. Астана, 9 қараша 2010 жыл.
Астаналық жол полициясы қызметкері басқа қалада тіркелген көлікті тоқтатып тұр. Астана, 9 қараша 2010 жыл.

Қазақстан 2011 жылы "Еуро-3" стандартына сәйкес экологиялық жаңа талаптар енгізіп, ауаға зиянды зат шығаратын автокөліктерді шектеуді жоспарлап отыр. Азаттық радиосының "Уақыт бедері" бағдарламасы осы тақырыпқа арналады.




Қазақстанның Көлік және коммуникация министрлігі Кедендік одаққа қатысты бірқатар мәселелер туындағандықтан, елдегі автокөліктерді "Еуро-3" стандартына көшіру мерзімін келесі жылдың ортасына дейін шегерді. Ал қаржы министрі Болат Жәмішев Қазақстанда жеке тұлғалар үшін Кедендік одақтан тыс жерлерде шығарылып, қолданыста болған автокөліктерді елге әкелу жеңілдігі әрі қарай ұзартылмайды деп ескертті.

"Еуро-3" нормасы - бұл автокөліктен ауаға таралатын газдың улы қалдық заттарын шектеуді көздейтін және жанармай сипаттамасына қойылатын талаптар. Бұл талаптар, ең алдымен автомобиль өндірушілерге арналған.

Еуропа Одағы елдерінде "Еуро-3" стандарты 1999 жылы енгізілді, ал 2005 жылы ол елдер "Еуро-4" стандартына көшті.

Қазақстандағы Тәуелсіз автомобилшілер одағының төрағасы Эдуард Эдоков елдегі автокөліктер үшін "Еуро-3" стандартын енгізудің регламентін 2011 жылдан 2014 жылға қарай ысыра тұруды ұсынады.

Азаттық радиосының "Уақыт бедері" айдарынан берілетін бұл жолғы бағдарламада Қазақстанда автокөліктердің экологияға зиянды әсерін қалай кемітуге болады деген тақырыпқа арналған талдау хабарды тыңдай аласыздар.
XS
SM
MD
LG