Тамыздың 12-сі күні Қазақстан сыртқы істер министрінің орынбасары Қайрат Сарыбай журналистердің «Қазақстан мен Қытай арасындағы визасыз режим келісімінің жайы қай деңгейде?» деген сұрағына «Мұндай келісімдер туралы ештеңе білмеймін» деп жауап берді.
5 МИЛЛИОН ТУРИСТ
Бұған дейін бірқатар ақпарат құралдары Қазақстан индустрия және жаңа технологиялар министрлігі туризм индустриясы комитеті төрағасының орынбасары Мұхит Саймасаевқа сілтеме жасап, «Қазақстан мен Қытай үкіметі арасында визасыз топтық туристік сапар жасауға рұқсат беру туралы келісім жасасып жатқаны» туралы хабар таратқан.
«EXPO-2017» кезінде Қазақстанға 5 миллион Қытай азаматы келеді» деп болжаған Мұхит Саймасаевтың сөзінше, «визасыз туризм жайлы келісімнің мақсаты – екі елдің туризм саласындағы ынтымақтастығын арттыру және Қазақстанға келетін туристер санын көбейту».
Азаттық тілшісі екі министрлік өкілі екі түрлі мәлімет берген осы келісімнің егжей-тегжейін білмек болып, бейсенбі күні индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің туризм индустриясы комитетіне хабарласты. Бірақ комитеттің баспасөз хатшысы Гүлмира Бектасова «Бұл мәселеге қатысты әзірге түсініктеме бере алмаймыз» деп жауап берді.
Ал Қытай елшілігінен бұл мәселе жайлы жауап алу мүмкін болмады.
«ЭКСПАНЦИЯ ҚАУПІ БАР»
Тамыздың 12-сі күні Алматыда бірнеше белсенді азамат «Қытаймен арадағы визасыз режимге қарсы екендерін» мәлімдеп жиын өткізді.
Белсенділердің бірі, «Рух пен тіл» ұйымының жетекшісі Жанболат Мамай «5 миллионға тарта Қытай азаматы Қазақстан халқының үштен біріне тең» екенін, «Қытайдың экономикалық, демографиялық экспанциясы жайлы аз айтылып жатпағанын» ескертті.
– Қазір әлем бойынша Африканың 14 елінде, Азияның 13 елінде Қытаймен тек жеңілдетілген виза қарастырылған. Басқа бірде бір мемлекетте Қытаймен визасыз қарым-қатынас жоқ. Тіпті бізден он есе үлкен Ресейдің өзі Қытаймен визасыз қарым-қатынас орнатқан емес, – деді ол.
Саясаттанушы Расул Жұмалының ойынша, «визаны алып тастау – кез-келген тосқауылды алып тастауды көздейді».
– Бұл қажет емес элементтердің кіріп кетуіне де мүмкіндік береді. Бұл – тікелей ұлттық қауіпсіздіктің мәселесі. Сондықтан онымен шұғылдану – жекелеген министрлік емес, ұлттық қауіпсіздік комитеті, сыртқы істер министрлігі, шекара қызметі сынды тікелей жауапты органдардың құзыреті, – дейді Расул Жұмалы.
Наразы азаматтардың сөзінше, «Қытаймен арада визасыз туризм жайлы келісім жасалса, қазақтарға демографиялық экспанция (яғни жұтылып кету) қаупі төніп тұр».
«ТУРИЗМ ЕКІ ЕЛГЕ ДЕ ТИІМДІ»
Қазақстан республикасы президенті жанындағы стратегиялық зерттеу институтының сарапшысы Болат Әуелбаевтың пікірінше, «мән-жайды анықтап алмай жатып шу көтерудің қажеті жоқ».
– Менің білуімше, туристік топтарға арналған визасыз режим туралы сөз болды. Бұл жерде туристік топта қанша адам болуы, оларды қалай тіркеуге алу және бақылау мәселесі анықталуы тиіс: «Топ екі адам ба не он адам ба?», «Қанша мерзімге Қазақстанға не Қытайға бара алады?», «Барған топ дәл сол тізіммен қай уақытта кері қайтады?». Осының барлығы айқын белгіленсе, миграциялық толқын болады деп қауіптену – артық. Ал туризм екі ел үшін де тиімді, – дейді сарапшы.
Болат Әуелбаевтың ойынша, «Қазақстанмен қазіргі тату көршілік қарым-қатынасы – Үндістан, Корея, Вьетнам, Тайваньмен қарым-қатынасы мәз емес Қытай үшін жетістік».
– Сондықтан Қытайға қазір (көршілерімен) тату көрші болу – өте маңызды. Бұл – Қытай дипломатиясының негізгі міндеті. Олар осының өзін қанағат тұтады. Оларда саяси экспанция деген жоқ, – дейді ол.
Бірақ «Қытайдың өз ішіндегі демографиялық қысым, шикізат ресурстары жетіспеушілігін» де айтқан сарапшының ойынша, Қытаймен арадағы визаны толығымен алып тастауға асығып, «эксперимент жасаудың қажет жоқ».
– Бұл жерде мәселе – олардың көптігінде. Біз үшін миллион деген өте көп, ал Қытай үшін ол айтарлықтай көп емес екенін ұмытпаған жөн, – дейді Болат Әуелбаев.