Таяуда БҰҰ-ның Женевадағы өкілдігінің жетекшісі қызметіне тағайындалған Қасым-Жомарт Тоқаев сәуір айының орта кезінде Нью-Йоркте БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мунмен кездеспек. Сол кездесуден кейін барып жаңа жұмысын бастайтынын айтады сенат төрағасы.
- Мен сәуір айында Нью-Йоркке барып БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мунмен кездесемін. Бұл кездесу барысында бас хатшы маған нақты тапсырма береді деп ойлаймын,-деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Ол БҰҰ-ның Женевадағы өкілдігін басқара отырып қарусыздану мәселесімен айналысатынын айтты. Оның мәлімдеуінше бүгінгі күні Женевада қарусыздану жөнінде конференция жұмыс жасап жатыр.
- Мен өзім бұл конференцияның бас хатшысы боламын. Өте күрделі жұмыс. Себебі, тоғыз жыл бойы бұл конференция ешқандай нақты нәтижесіне келген жоқ. Сондықтан бұл - өте күрделі өте жауапты міндет,- деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Ал, өзі кеткеннен кейін сенат төрағалығына кім отыратынынан хабарым жоқ дейді. «Бұл - мемлекет басшысының құзырындағы мәселе»,- деп жауап берді Қасым-Жомарт Тоқаев. Ол өзінің Женевадағы жаңа қызметке тағайындалуы президент Назарбаевтың арқасы екендігін атап көрсетуді ұмытқан жоқ.
57 жастағы Тоқаев әр жылдары Қазақстанның премьер-министрі және сыртқы істер министрі қызметтерін атқарған еді. Сенат төрағалығына тағайындалғалы 4 жыл болды.