LANSKY, GANZGER & PARTNER компаниясының адвокаттары Алматыда наурыздың 13-інде өткізген баспасөз жиынында «Вена федералды жерінің жоғарғы соты Қазақстан тарапынан Рахат Әлиевке тағылған «банкирлер Айбар Хасенов пен Жолдас Темірәлиевтің өліміне қатысы бар және шетелде заңсыз ақша операцияларымен айналысқан» деген айыптарды негізді деп тапты» деген мәлімдеме жасады.
Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы күйеу баласы Рахат Әлиев Қазақстанда бірнеше қылмыстық айыппен сотталып, 40 жыл түрмеге кесілген. Оған тағылған айыптардың бірі – 2007 жылы «Нұрбанктің» екі топ-менеджерін ұрлап әкетіп, өлтіруі.
Баспасөз хабарламасында жәбірленушілердің адвокаты Габриэль Ланскидің «...Сот коллегиясы Әлиевке қатысты айыптаулардың астарында саяси сипат жоқ, бұл айыптарды австриялық тергеу амалдары растады деген ұйғарымға келді» деген сөзі келтірілген.
Адвокат Лански баспасөз жиынында «Венада Әлиевке қатысты бопсалау, бөтеннің мүлкін иемдену, "Нұрбанк" менеджерлері Жолдас Тимиралиев пен Айбар Хасеновті ұрлап әкетіп, өлтіру, сондай-ақ істеген қылмыстарының нәтижесінде алынған ақшаны заңсыз айналдыру және Еуропада осы мақсатта ұйымдасқан қылмыстық топ құруы мүмкін деген күдіктер бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр» деп мәлімдеді.
LANSKY, GANZGER & PARTNER заңгерлері заңсыз ақша айналымының көлемі 113 миллион еуро деп хабарлады.
Өткен айда австриялық Die Press газетінде «Венаның «МедиаКварталындағы» мафиялық ақша» деген мақала жарияланды. Мақалада Вена қаласының сот билігі Қазақстанның Австриядағы бұрынғы елшісі Рахат Шораздың (Әлиевтің қазіргі фамилиясы) мафиялық ұйымды басқарғаны туралы күдіктенетіні туралы жазылған. Басылымның деректеріне қарағанда, Рахат Әлиев 2007 жылы A.V.Maximus Holding AG компаниясы арқылы веналық «МедиаКвартал «Маркс» жобасын қаржыландырған.
Газеттің жазуынша, шығу тегі күмәнді мүліктер Венадағы түрлі фирмалар арқылы жымқырылған деген күдік бар. Die Press газеті «бұндай фирмалардың қатарында A.V.Maximus Holding AG компаниясы негізгі рөлге ие» деп жазады.
Осы материалда «Консультацио» аудиторлық компаниясының есебіндегі «Медиа Квартал» компаниясын құру барысында заңдылық талаптары толық орындалған, ақша жымқырды деген күдік дәлелденген жоқ деген ұйғарымына сілтеме жасалған.
LANSKY, GANZGER & PARTNER компаниясы Алматыда таратқан баспасөз хабарламасында «Рахат Әлиев Австрияның сот төрелігінен жасырынбайтынын және Венаның қылмыстық соты алдында кісі өлтіргені үшін жауап беруге әзір екенін мәлімдеді» делінген.
Рахат Әлиев немістің Spiegel журналына берген сұхбатында Австрия сотына баруға әзір екенін, бірақ өзін ұрлап әкетуден қорқатынын айтады. Ол өзіне тағылған айыптарды теріске шығарып қана қоймай, бұрынғы қайын атасы, Қазақстанның президенті Нұрсұлтан Назарбаевты қайтадан айыптаған. Рахат Әлиевтің Facebook желісіндегі парақшасында «Өкіл қайын ата – ІІ. Қылмыс орны - Австрия» деген кітабының жарық көргені туралы хабарланған.
Әлиев Spiegel журналына «Назарбаевтың байлығының іргетасын қалау үшін» 1990-шы жылдардың басында Австрияда тіркеліп, пайдаланылған бірнеше компанияға Ланскидің заң фирмасы қызмет көрсеткен» деген түсініктеме береді.
Spiegel журналында наурыздың 13-інде басылған мақалада жазылғандай, Назарбаев әулетіндегі драмаға қатысушы екі жақ қоғамдық пікірді өз жағына шығаруға тырысуда. Таразының бір басында - Батыста көрнекті қорғаушылары бар президент, екінші басында – Мальтаға бас сауғалап кетіп, Австрияда жүріп жатқан тергеу амалдарын бақылап отырған Әлиев тұр.