Алғашқы Конституция кіріспе, 4 бөлім, 21 тарау және 131 баптан тұрды. Бірақ, уақыт өте келе тұңғыш Конституцияның кейбір тұстары нарықтық қоғамдағы өзгерістерге сәйкес болмай шыққаны байқалып, екі жыл өткеннен кейін қолданыста жүрген қазіргі Конституция қабылданды. Десек те, кейбір мамандар әлі күнге дейін Конституцияның алғашқы нұсқасының демократия талаптарына көбірек сай болғанын айтады.
Тәуелсіз Қазақстанның тарихында Конституция екі рет қабылданып, бірнеше рет өзгеріске ұшырапты. Кейбір мамандардың пікірінше, азаттық алғанына небәрі 18 жыл толған мемлекет үшін бұл тым көп. Себебі, олардың көзқарасы бойынша, демократиялық елдердің сүйенер Құраны болып табылатын Конституцияның өзгеруі– бұл құндылықтардың тұрақсыздығымен пара-пар. Ал заңгер Еділ Оспанов керісінше, мұндай өзгерістерден секемденудің қажеті жоқ деп есептейді.
- Жалпы әлемдік тәжірибені алып қарайтын болсақ, бұл өзгертулерден ешқандай қорқудың қажеті жоқ. Көбіне, АҚШ мемлекетін мысалға алып жатады. Ол елдің Конституциясына 27 рет қана өзгерту енгізіліпті. Бірақ барлық мемлекет АҚШ сияқты тұрақты негізде құрылған емес. Әр мемлекеттің тарихы, тарихи жағдайы, қоғамдық құрылысы өзгеше болғандықтан әртүрлі өзгерістер болып жатады. Тіпті кейбір мемлекеттерде жыл сайын Конституцияның өзгеруін байқауға болады.
1995 жылдың тамыз айының 30-шы жұлдызында Қазақстан екінші рет Конституция қабылдады. Оның негізгі себебін билік негізгі құжаттың нарықтық заманға лайықты жасалмағандығымен түсіндірді. Алайда көптеген сарапшылар алдыңғы Конституцияның артықшылықтары көп болғанын жеткізеді.
- Егер біз 1993 жылы қабылданған Конституция бойынша өмір сүргенде «Қазақгейт» сияқты масқара құбылыс болмаушы еді. Қоғамды дендеген қазіргідей жемқорлық болмаушы еді. Онда халықтың денсаулығын сақтау мәселесі, білім саласы, баспана мәселесі қарастырылды. Бәрі де басқаша болушы еді,–дейді Қазақстанның Коммунистік партиясының төрағасы Серікболсын Әбділдин. Серікболсын Әбділдин 1993 жылғы Коннституцияны қабылдаған Жоғарғы кеңестің спикері болған-ды, тұңғыш кейде "әбілдиндік" деп те аталады.
- Әсіресе, ол билікті бөлісу мәселесіне қатысты. Алдыңғы Конституцияда Президент пен Парламенттің құзыры тепе-тең болатын. Тағы бір айта кететін жайт, сол кездегі Парламенттің рөлін атқарушы - Жоғарғы Кеңес мемлекеттік билік жүйесінде басымдылыққа ие болды. Президент билігінің күшеюі тек қана билік уәкілетін кеңейтуде ғана емес, сондай ақ, мемлекеттік басқарудың әдістері мен принциптерінде авторитарлық ағымның өршуіне әкеледі. Бұл шын мәнінде алаңдатарлық нәрсе,–дейді саясаттанушы Андрей Чеботарев.
Билік халық мүддесіне жұмыс істеуі тиіс Конституцияға жылдар бойы түрлі өзгерістер енгізіп, өзіне икемдеп алды дейді ҚР-сы Парламентінің экс-депутаты Жасарал Қуанышалин.
- 1995 жылы өзгертілген Конституция президент Назарбаевтың тікелей тапсырысымен, жеке билік режимін нығайтып, орнықтыру үшін жасалды ғой. Сол кезде онымен Франция Конституциялық Кеңесінің мүшесі Роллан Дюма айналысты. Бұдан Қазақстан Конституциясы Францияның Конституциясына ұқсайды деген қорытынды жасау қате. Ол тапсырыс алып, ақша төлегеннен кейін жасады ғой. Бұл Қазақстанның Конституциясы емес, Назарбаевтың Конституциясы.
Андрей Чеботаревтің айтуынша, қазіргі қолданыстағы Конституция әлі де болса, советтік жүйенің сарқыншағын елестетін - тек қағаз бетінде ғана бар ережелер мен нормалардан құтылған жоқ.
- Жалпы алғанда, біздің Конституциямызды салмақты түрде қайта қарастыру қажет. Мәселен, заңның азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына қатысты баптарының кемшіліктері көп, атап айтқанда, митинг, демонстрация өткізу, сонымен бірге жеке- меншікке ие болу құқығына байланысты баптар қайта қарауды талап етеді. 2007 жылы енгізілген өзгерістерді өте үлкен кемшілік деп білемін,– дейді Андрей Чеботарев.