Accessibility links

Құрбан айт мейрамы басталды, биыл қазақстандықтар айттың үш күнінде де демалады


Құрбан айт мейрамының бірінші күні, Алматының орталық мешіті. 27қараша, 2009 жыл.
Құрбан айт мейрамының бірінші күні, Алматының орталық мешіті. 27қараша, 2009 жыл.

Ұлық мейрамда құрбандық шалудың ең ізгі амалы - жетім-жесірлерге қол ұшын созу, ізгі тілектер тілеу деген тәрізді адами ұғымдармен астасып жатыр.

Құрбан айт мейрамы әлем мұсылмандарының үш күнге созылатын басты мейрамы.

Ол жыл сайын хижра - мұсылман (ай) күнтізбесі бойынша зуль-хиджа айының оныншы жұлдызында басталады. Бұл мұсылмандардың қажылық айы. Құрбан шалу мейрамы көп ғасырлар бұрынғы оқиғалармен байланысты және осы күні адамдар достық, тыныштық және келісім туралы дұға қылады.

Құрбан айт мейрамының бірінші күні Алматының орталық мешіті алдында қайыр сұрап отырған мүгедек міскін. 27 қараша 2009 жыл.


Ыбырайым ғалейхиуассалам пайғамбардың өз ұлы Смайылды құрбандыққа шалуға да әзір болғандығы үшін Алланың рахымымен оның орынына мал құрбандық етуге уахи түскен болатын.

Қажылық парыз өтелгеннен кейін Қазақстан мұсылмандары 3 күнге созылатын Құрбан айт мерекесін тойлайды.

Алматыдағы орталық мешітке жиналған жамағатты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен Орта Азия мүфтилер кеңесінің төрағасы, Бас мүфти, шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі барша қазақстандықтарды Қасиетті Құрбан айт мерекесі - ұлық мерекемен құттықтады


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Құрбан айттың бірінші күні барша қазақстандықтарды Айт мейрамымен құттықтады деп хабарлады Қазақстан жаңалықтар агенттігі.

XS
SM
MD
LG