Accessibility links

Оппозиция белсенділері Назарбаевтың сарайына тағы бір шеру жасады


Полиция оппозиция белсендісі Жасарал Қуанышәлин мен акцияға қатысушыларды Ақордаға жібермей тұр. Астана, 28 наурыз 2011 жыл.
Полиция оппозиция белсендісі Жасарал Қуанышәлин мен акцияға қатысушыларды Ақордаға жібермей тұр. Астана, 28 наурыз 2011 жыл.

Кезектен тыс президент сайлауынан бас тарту туралы талаппен президент Назарбаевқа жолығуға елдің әр аймағынан Астанаға келген ондаған адамды полиция Ақордаға жібермеді.

Наурыздың 28-і күні таңертең Астананың әкімшілік орталығына жиналған ондаған адам Қазақстанның қазіргі президенті әрі алдағы кезектен тыс сайлауда президенттікке кандидат Нұрсұлтан Назарбаевқа өз талаптарын жеткізбек болды.

Қазақстанның әр аймағынан келген бұл адамдардың арасында «Конституцияны қорғайық!» қоғамдық комитетіне біріккен Қазақстан Коммунистік партиясы мен тіркелмеген «Алға» партиясының, «Аман-
Акцияға қатысушылар Қазақстан президентінің резиденциясына беттеп барады. Астана, 28 наурыз 2011 жыл.
саулық», «Күретамыр» және басқа қоғамдық ұйымдардың өкілдері болды. Олар елде кезектен тыс президент сайлауын өткізуден бас тартуға шақырған талапты Назарбаевқа көзбе-көз тапсыруға келгендерін айтты.

Олардың кейбіреуі Азаттық тілшісіне өздерінің ауыл-аймақтан Астанаға жеткенше әртүрлі бөгеттерге кезіккендерін айтып берді.

Қарт зейнеткер Қуат Абылайханов Оңтүстік Қазақстан облысынан келіпті.

– Мен Назарбаевтан да үлкенмін, жасым 70-тен асып кетті. Осында шығарда ауылдың әкімі келіп, Астанаға бармауға үгіттеді, тіпті 12 мың теңге еңбекақымен жұмыс беруге уәде етті. Бірақ мен келіспедім, – деді зейнеткер.

Семейден келген тағы бір зейнеткер Фатима Қасенова Астанаға автокөлікпен шыққан біраз адамды жол-жөнекей полиция өкілдері тоқтатып, түрлі сылтаулармен жібермей қойғанын айтады.

– Олар «есірткінің бар-жоғын тексереміз» деген сылтаумен қол жүгіме дейін ақтарып, ақыры ешқандай ілік таба алмаған соң мені еріксіз жіберді, – деді Фатима Қасенова.

Таңертеңгі сағат 11-ге қарай Астанадағы «Бәйтерек» монументі жанындағы алаңға жиналған жұрт Қазақстан президентінің резиденциясы –
Полиция акцияға қатысушыларды Ақордаға жібермей тұр. Астана, 28 наурыз 2011 жыл.
Ақордаға шерумен бармақ болды. Алайда екі қатар шеп құрып жолды бөгеген полиция оларды Ақорда жаққа жібермей қойды.

Полицияның тосқауылынан өте алмаған соң жиналғандар: «Назарбаев шықсын!», «Кандидатқа жолыққымыз келеді!» деп айғайлай бастады. Көп уақыт өтпей осы жерге жедел жеткен полиция автокөліктерінде дауыс күшейткіштер іске қосылды.

Осылайша құқық өкілдерінің жиналғандардың іс-әрекеті заңсыз екенін ескертіп, оларды тарқауға шақырған үндері талаппен келгендердің айғайын басып кетіп жатты.

Алаңда тұрғандарға келген «Нұр Отан» саяси партиясының өкілдері жиналғандарды тәртіп сақтауға шақырып, оларды ниеттерінен қайтаруға тырысты.

Бір уақытта келгендердің арасынан оппозициялық саясаткер Жасарал Қуанышәлин бастаған бес адамға талаптарын тапсыру үшін президент әкімшілігі кеңсесіне баруға рұқсат берілді. Олар үндеу-талапты кеңсеге тапсырып оралды.

Президенттік «Нұр Отан» партиясының өкілі Павел Казанцев президент Назарбаевтың «жұмысбасты болып, қолы босамай жатқандықтан» оған жолығуға келген жұрттың талабын «Нұр Отан» партиясының бас кеңсесіндегі кандидат Нұрсұлтан Назарбаевтың сайлау штабына барып сол жерде талқылауға шақырды.

Алаңдағылардың кейбірі оған құлақ асып, Казанцевтің соңынан жүрсе, енді бір бөлігі сол жерден тарай бастады. Дүйсенбі күнгі бұл оқиға бас-аяғы бір жарым сағатқа созылды.

Бұған дейін, наурыздың 15-і күні әлеуметтік талаппен президент Назарбаевқа жолығу ниетімен Астанаға келген үлескерлер мен ипотекалық несие борышкерлерінің де Ақордаға бармақ болғанын Азаттық радиосы хабарлаған.

Ол жолы шеруге қатысқан бірнеше адамды полиция ұстап, «Халыққа баспана қалдырайық» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Есенбек Өктешбаев әкімшілік соттың шешімімен 15 тәулікке абақтыға қамалған еді.
XS
SM
MD
LG