Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, өртке зауыттың қоқыс қалдықтарын ұстап қалу міндетін атқаратын 8 –ші цехындағы құбырларды құрастыру жұмыстарын жүргізу кезінде мұнай қалдықтарының тұтануы себеп болған. Өрт 16.21-де толықтай сөндірліп болды. Қазір өрт орынында тексеру тобы жұмыс істеуде.
Зауыттағы апат салдарынан құлаған ғимарат қабырғасы астынан 3 адам құтқарылып, біреуі қаза болды.
Облыстық аурухана бас дәргерінің орынбасары Сәния Бахтиярованың айтуынша Жанабай Ізмағанбетов есімді жұмысшы бірден ауруханада көз жұмған, ал біреуіне тіндері жеңіл зақымданғандықтан дәрігерлік көмек көрсетіліп, үйіне жіберілген. Тағы бірі қазір жан сақтау бөлімінде жатыр.
Бұл науқас жайлы бас дәрігердің орынбасары оның денесінің 20 пайыз күйіп қалғанын хабарлады. Тағы 1 жаралы жұмысшы қазір облыстық аурухананың травмтология бөлімінде ем алуда деп мәлімдеді Сәния Бахтиярова.
Травматология бөлімінде жатқан 51 жасар Жоралиев Қостанай туралы осы бөлімнің травматолог дәрігері Бекболат Қуанышев былай дейді:
-Ол ауруханаға орташа ауырлық жағдайында сағат 15.05-те келіп түсті. Сол жақ жамбасы сүйектері шығып кеткен. Қостанай Жоралиевтың айтуынша жұмыс барысында арт жағынан бір дүрсіл естіліген. Ол не нәрсе екенін ұғып үлгіргенше, әлеуетті толқын оны лақтырып жіберген. Содан соң ол құлаған үйінді астында қалған. Қазір оған тиісті дәрігерлік көмек толық көрсетілді. Науқастың өміріне төніп тұрған қауіп жоқ
ТЖ департаменті басшысы Жасұлан Жұмашев зауыттағы апат жайлы жергілікті баспасөз арқылы жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары барысында жұмысшылардан кеткен салғырттық та себеп болған шығар деген болжам айтты.
Ал АМӨЗ-дің бас инженері Қайрат Оразбаев жергілікті басылымдар арқылы зауыттың жұмысын тоқтатпайтынын, зардап шеккендерге көмек көрсетілетінін хабарлады.
Әзірге өрт сөндірілгенімен, зауыт айналасындағы қара түтін сейіле қойған жоқ. Зауыт маңынан өтетін көлік жүргізушілер ол маңда тыныс алу қиын дегенді айтады.