Accessibility links

Ниццадағы теракт: келесі шабуыл қайда жасалады?


Жұртты таптап өткен жұк көлігінің алдында жүрген қауіпсіздік қызметкерлері. Франция, Ницца, 14 шілде 2016 жыл.
Жұртты таптап өткен жұк көлігінің алдында жүрген қауіпсіздік қызметкерлері. Франция, Ницца, 14 шілде 2016 жыл.

Ниццадағы шабуылдан соң Еуропа елдерінің террормен күрес тәсілдері өзгере ме? Бұл оқиғадан Қазақстан қандай сабақ алады? AzattyqLIVE тақырыпты дипломат Қазбек Бейсебаевпен талқылады.

Францияның Ницца қаласындағы шабуылдан кем дегенде 80 адам қаза тапты. Ондаған кісі жараланған. Шілденің 14-і күні Ниццада жүк көлігінің жүргізушісі Бастилияны алған күнді тойлап жатқан жұртты жоғары жылдамдықпен келіп таптап, екі километрдей жүріп өткен. Көлік жүргізушісі (ер адам) бұқараға оқ жаудырған. Оны полиция атып өлтіргеннен кейін көліктен қару-жарақ пен гранаталар табылған.

Қала тұрғындарына үйден шықпау туралы ескертілген. Франция президенті Франсуа Олланд "шабуылдың анық террористік әрекет" екенін мәлімдеді. Ол "бұл - француз жерінде бір жарым жыл ішінде болған үшінші теракт" деген.

Оқи отырыңыз: Ниццадағы шабуылдан қаза тапқан адам саны 80-ге жетті

Неге Франция қауіпсіздік қызметтері бір жыл ішінде екі үлкен терактіге жол берді? Ниццадағы шабуылдан соң Еуропадағы террорға қарсы саясат күшейе ме? Келесі теракт қайда болуы мүмкін? Халықаралық терроризмге қарсы күресте Қазақстан тәсілдері тиімді ме? AzattyqLIVE тақырыпты дипломат Қазбек Бейсебаевпен талқылады. Орыс тілінде өткен хабардың видеосын мына сілтеме бойынша көре аласыз.

XS
SM
MD
LG