«Шекарасыз репортерлер» әлем елдеріндегі сөз бостандығының 2009 жылға арналған индексін жариялады. Ұйым өзінің жаңа баяндамасында Орталық Азияда сөз бостандығы тоқырауға ұшыраған деп атап көрсеткен. Онда әсіресе Қазақстан мен Қырғызстандағы сөз бостандығына алаңдаушылық танытқан.
Ұйымның рейтингінде Қазақстан 142-ші, Қырғызстан 125-ші орынды иеленген. Бұл екеуі де аталған ұйымның өткен жылғы баяндамасындағы көрсеткіштен 15 саты кері шегінген.
«НАЗАРБАЕВ ӘУЛЕТІНІҢ БАСПАСӨЗДІ БАҚЫЛАУДА ҰСТАУЫ МЫҚТЫ»
Баяндамада Қазақстан үшін биылғы көрсеткіш ұйымның 2002 жылдан бері үзбей жариялап келе жатқан баяндамаларындағы ең нашары екендігі атап көрсетілген.
- Қазақстанда баспасөзге қарсылық, соның ішінде тәуелсіз журналистерді түрмеге жабу, ұстау және айыппұл салу әрекеттері көп кездесті. Бұл елдегі сөз бостандығы көрсеткішінің төмен болуын осыдан іздестіру керек, - деді Азаттық радиосына «Шекарасыз репортерлар» ұйымының бұрынғы совет елдері бойынша өкілі Эльза Видал.
Сонымен бірге, Видал Қазақстанда баспасөздің көп жағдайда билікке кіріптарлығы республикадағы сөз бостандығының дамуына кедергі болады деп есептейді:
- Сөз бостандығы көрсеткішінің төмендеуі Қазақстан мен Қырғызстан үшін ұзақ жылдарға созылатын үрдіс деп есептемеймін. Бұл елдердегі жағдайды екі бөлек қарастыру керек. Мысалы, Қырғызстанда саяси жағдай және құрылым мәселелері журналистердің жұмысына кері әсер етіп отыр. Ал, Қазақстанда Назарбаев әулетінің баспасөзге бақылауы мықты және ол ұзаққа созылатын үдеріс. Сол себепті Қазақстаннан гөрі Қырғызстанның бұл саладағы алға ілгерілеу мүмкіндігі жоғары деп ойлаймын.
«ҚАЗАҚСТАНДА СӨЗ БОСТАНДЫҒЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫ ОДАН ДА МҮШКІЛ»
Қазақстандық сарапшылар «Шекарасыз репортерлер» ұйымының жариялаған баяндамасындағы көрсеткіштер орынды деп есептейді. «Әділ сөз» қоғамдық қорының төрайымы Тамара Калеева журналистерді соттайтын елде сөз бостандығы көрсеткішінің одан жоғары болуы мүмкін емес деп есептейді.
Ал қазақстандық «Медианет» журналистика орталығының атқарушы директоры Вячеслав Абрамов болса сөз бостандығының көрсеткіші Қазақстанда келесі жылы бұдан да төмен болуы ғажап емес деп есептейді.
- Бұл тізімде Қазақстан бұдан да төмен орындардан көрінуі керек секілді. Өйткені, ұйым бұл баяндаманы 2009 жылдың көктемі мен жазындағы мәліметтері негізінде дайындаған. Қазақстанда осы жылдың күзінде болған оқиғалар ескерілген жағдайда республиканың рейтингтегі жағдайы бұдан да нашарлай түседі деп ойлаймын, - деді Абрамов
Оның пікірінше, биыл күзде тәуелсіз «Республика» газетінің сот шешімімен жабылуы, сондай-ақ, «Азат» және «Алға» партияларының газеттері мен «Республика» ұжымы дайындаған жаңа газеттер басылатын баспаларға қысым көрсетілуі Қазақстандағы сөз бостандығын одан сайын шектей түсті.
Ұйымның рейтингінде Қазақстан 142-ші, Қырғызстан 125-ші орынды иеленген. Бұл екеуі де аталған ұйымның өткен жылғы баяндамасындағы көрсеткіштен 15 саты кері шегінген.
«НАЗАРБАЕВ ӘУЛЕТІНІҢ БАСПАСӨЗДІ БАҚЫЛАУДА ҰСТАУЫ МЫҚТЫ»
Баяндамада Қазақстан үшін биылғы көрсеткіш ұйымның 2002 жылдан бері үзбей жариялап келе жатқан баяндамаларындағы ең нашары екендігі атап көрсетілген.
- Қазақстанда баспасөзге қарсылық, соның ішінде тәуелсіз журналистерді түрмеге жабу, ұстау және айыппұл салу әрекеттері көп кездесті. Бұл елдегі сөз бостандығы көрсеткішінің төмен болуын осыдан іздестіру керек, - деді Азаттық радиосына «Шекарасыз репортерлар» ұйымының бұрынғы совет елдері бойынша өкілі Эльза Видал.
"Республика" газетінің журналистері БТА Банктің басшылары Әнуар Сайденов пен Арман Дунаевтың картон макеттерімен наразылық акциясын өткізіп жатыр. Алматы, 8 қыркүйек 2009 жыл.
Сонымен бірге, Видал Қазақстанда баспасөздің көп жағдайда билікке кіріптарлығы республикадағы сөз бостандығының дамуына кедергі болады деп есептейді:
- Сөз бостандығы көрсеткішінің төмендеуі Қазақстан мен Қырғызстан үшін ұзақ жылдарға созылатын үрдіс деп есептемеймін. Бұл елдердегі жағдайды екі бөлек қарастыру керек. Мысалы, Қырғызстанда саяси жағдай және құрылым мәселелері журналистердің жұмысына кері әсер етіп отыр. Ал, Қазақстанда Назарбаев әулетінің баспасөзге бақылауы мықты және ол ұзаққа созылатын үдеріс. Сол себепті Қазақстаннан гөрі Қырғызстанның бұл саладағы алға ілгерілеу мүмкіндігі жоғары деп ойлаймын.
«ҚАЗАҚСТАНДА СӨЗ БОСТАНДЫҒЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫ ОДАН ДА МҮШКІЛ»
Қазақстандық сарапшылар «Шекарасыз репортерлер» ұйымының жариялаған баяндамасындағы көрсеткіштер орынды деп есептейді. «Әділ сөз» қоғамдық қорының төрайымы Тамара Калеева журналистерді соттайтын елде сөз бостандығы көрсеткішінің одан жоғары болуы мүмкін емес деп есептейді.
Өзіне жасалған шабуылдан ауыр жараланған тәуелсіз журналист Бақытжан Нүрпейісов ауруханада жатыр. Алматы, 6 ақпан 2009 жыл.
- Биыл «Алма-Ата Инфо» газетінің бас редакторы Рамазан Есіргепов сотталды. Өткен жылы да журналистерді қудалау жағдайлары көп кездесті. Интернет туралы заңның қабылдануының өзі не тұрады? Бұған журналистер мен баспасөзге қарсы көптеген сот шағымдарын қосыңыз. Қазірдің өзінде Қазақстанда оның саны шамамен 150-ге жуықтайды, - деді Калеева.Ал қазақстандық «Медианет» журналистика орталығының атқарушы директоры Вячеслав Абрамов болса сөз бостандығының көрсеткіші Қазақстанда келесі жылы бұдан да төмен болуы ғажап емес деп есептейді.