Еуропа театрлары қатысатын NET («Жаңа Еуропа театры») фестивалі Мәскеуде өтеді. Биылғы байқауда Германияның «Ремини Протокол» театры қазақ мұнайы туралы спектакль қояды.
Бұл деректі спектакль «Қазақстан топырағы» («Bodenprobe Kasachstan», сөзбе-сөз аудармасы – «Қазақстан топырағының сынағы») деп аталады. Қойылымның режиссері – Штефен Кэги.
Неміс театры бұл спектакль арқылы бес адамның өмірін бейнелейді. Спектакль сценариі өмірде болған оқиғалар желісімен жазылған. Қойылымда ойнайтын бес адам да актер емес. Барлығы да қазір Германияда тұрады. Бәрінің де кәсіптерінің мұнайға әйтеуір бір қатысы бар. Режиссер Штефен Кэгидің оларды «актер емес, сарапшылар» деп атайтын себебі де содан.
NET фестивалін ұйымдастырушылардың бірі Марина Никитинаның айтуынша, неміс театры Еуропа театрлар фестиваліне алғаш рет қатыспақ.
–. Олар Мәскеудегі шараға Ресейдегі Германия жылының аясында келді. Ал фестивальге алып келген спектакльге билет қалмады, бәрі сатылып кетті, – деді ол Азаттық тілшісіне.
Спектакль Мәскеуде орыс және неміс тілдерінде қарашаның 23-24-і күндері қойылады.
МҰНАЙҒА ТӘУЕЛДІ ӨМІР
«Қазақстан топырағы» спектаклі бес кейіпкерге өздері ұмытқан Қазақстанды экран арқылы қайта көрсетеді. Сахна Қазақстанның даласы, мұнай бұрғыларының суреттерімен безендіріледі.
Спектакльде ойнайтын кейіпкер-актердің бірі – Генрих Вибе екінші дүние жүзілік соғыс кезінде бүкіл отбасынан айырылып, Семейдегі балалар үйінде тәрибеленген. Ол өмір бойы Павлодардағы мұнай зауытында шофер болған, Қазақстанның қалаларына бензин тасыған. Вибе спектакльде бұрын жүрген жолдарын көріп, бензин таситын көліктің руліне қайта отырады.
Екінші кейіпкер Нұрлан Дүйсәлі Алматыда туған. Қазір Германияда тұрады, күн батареяларын сатады. Ол қойылымда Қазақстанда қалған ата-әжесімен тілдеседі.
Үшінші кейіпкер Герд Бауманн Шығыс Германияда мұнай инженері болып жұмыс істейді. Ол 1980 жылы Қазақстанның мұнай бар жерлерін анықтаған. Бауманн спектакль кезінде Қазақстандағы неміс бизнесмендерімен сөйлеседі.
Төртінші кейіпкер Хелене Симкин Байқоңыр қаласында туған. Қазір ол Ганновердегі орыс әуе компаниясында қызмет етеді. Ол қойылымда Қазақстан президенті Назарбаевтың Бәйтеректегі алақан табына қолын қойып, ол елдегі мұнай көп өндіріле берсе екен, сонда менің жұмысым да жабылмас еді деп тілейді.
Бесінші кейіпкер Елена Панибратова Тәжікстанда өскен. Қазір Германиядағы мейрамханада жұмыс істейді. Спектакльде ол экран арқылы туысқандарының Қазақстанда жерленген жерін, олардың зираттарын көреді.
Көрермендер қойылым арқылы Қазақстандағы мұнай өндірісімен танысады. Спектакльдің басты желісі де – өмірлері мұнайға, билікке тікелей не жанама түрде тәуелді қарапайым адамдардың тірлігі.
Қадірлі оқырман, мақаланы автордың Facebook-тегі парақшасында да талқылай аласыз.