Алматыда қыркүйектің 9-ы күні алғашқы «үйсіздер құрылтайы» өтуі тиіс еді. Ұйымдастырушылар шара болмай жатып қуғынға ұшырағандарын айтады.
«Үйсіздер құрылтайы» атты шараны ұйымдастырмақ болғандардың бірі Дильнар Инсенованың Азаттыққа айтуынша, «Желтоқсан ақиқаты» мен «Бірге» қозғалысының мүшелері «Қазақстан үйсіздері комитетін» құрған. Комитетке баспанасы жоқ кез-келген азамат кіре алады.
- Шараны өткіземіз деп Абай мен Наурызбай батыр көшесіндегі стадионды жалға алғанбыз. Бірақ стадион басшылығы 9-ы күні ақшамызды қайтарып берді де, стадионды бермейтіндерін айтты. Ал мені «заңсыз митинг ұйымдастырмақшы болды» деген айыппен Алматы облысы Қарасай ауданының соты жазалап, 10 айлық көрсеткіш есебінде айыппұл салды, - дейді шараны ұйымдастырушы.
Құрылтай өткізбек болған белсенділер үйсіздердің тізімін жасап, әкімдікке тапсырамыз деп жоспарлаған. Олар «Әр азаматқа – тегін 10 сотық жер» деген талапты Алматы қаласы әкімдігіне жеткізгілері келген.
«ҚҰРЫЛТАЙ ӨТПЕЙ ЖАТЫП ЖАЗАЛАНДЫҚ»
Қыркүйектің 5-і күні «Алтын орда» базарында «үйсіздер құрылтайына» шақырту таратып жүрген жерінен Дильнар Инсенова, Гүлзатхан Темірбекова және Ержан Садықовты құқық қорғау органдарының адамдары тұтқындап алып кеткен еді. Кейін Инсенова мен Темірбекова босатылып, Садықовқа қатысты Алматы қаласы ауданаралық сотында отырыс болған. Садықов «заңсыз митинг өткізбек болды» деген айыппен 15 күнге қамалған.
Құрылтайды ұйымдастырушылардың бірі Гүлзатхан Темірбекова Азаттыққа шара болмай жатып қысымға тап болғандарын айтады.
- Қыркүйектің 5-і күні «Алтын орда» базарында құрылтайға шақырту таратып жүргенде полиция бізді ұстап алып кетті де, Әуезов ауданының ішкі істер департаментіне (ІІД), кейін Қарасай ауданы ішкі істер басқармасына (ІІБ), одан кейін Қаскелең қаласы ІІБ-іне апарды. Одан кейін қыркүйектің 6-сына ауған түні босатып жіберді де, қыркүйектің 7-і күні Әуезов ауданы ІІД сотқа шақырды. Бізді полиция тұтқындап, бір ауданнан екінші ауданға апарып жүргенде аяғымды жарақаттап алып, сотқа бара алмадым. Кейін құрылтай болмай жатып, ұйымдастырушыларды жазалады, - деді ол.
Гүлзатхан Темірбековаға қатысты сот шешімі әлі шыққан жоқ.
Қоғамдық белсенді Андрей Цукановтың пайымдауынша, халықтың «үйсіздер құрылтайына» жиналмақ болуы - азаматтардың конституциялық құқығының оянғанын білдіреді.
- Үйсіз халық енді заң бойынша жер алғысы келеді. Бірақ Қазақстанда халық өз ойын білдіргісі келсе, талабын билікке жеткізгісі келсе, оларды басып тастау, ұйымдастырушыларын шара болмай жатып қудалау әдетке айналып кеткен. Мұны билік «қауіпсіздікті сақтау», «алдын алу шаралары» деп есептейді. Құрылтай өтпей қалды. Бірақ халық баспана үшін кез-келген шараға жиналатынын көрсетті. Қазір қазақстандықтардың басты мәселесі – баспана, - деді сұхбаттасымыз.
Ұйымдастырушылар әкімшілік жазаға тартылып жатқанда қыркүйектің 9-ы күні кешкі сағат төртте құрылтай өтуі тиіс Абай мен Наурызбай көшелерінің қиылысында орналасқан шағын стадионға 100-ге жуық адам жиналды. Бірақ полиция «Жиын өткізуге рұқсат берілмеді» деп хабарлап, халықты таратып жіберді.
Алматы қаласының әкімдігінен жиынның не себепті өтпегені туралы сауалға комментарий алу мүмкін болмады.

Құрылтай өтпей қалды. Бірақ халық баспана үшін кез-келген шараға жиналатынын көрсетті.