– Соңғы алты жылда ас мәзіріміз айтарлықтай жақсарды. Дастарханымыздан ет үзілмейді, жеміс-көкөніс те көбейді. Теңіз өнімдерін де сатып алатын болдық. Әрине, бәрі жалақының көлеміне байланысты, – дейді Азаттық тілшісіне Назым Шаханова.
Назым мен күйеуінің жалақысы соңғы алты жылда әжептәуір өсіпті.
Ал астаналық тұрғын Олег Иванов бұл пікірге қосылмайды.
– Мен – жалғызбасты адаммын. Азық-түліктен нан, май, аптасына бір килограмм ет, балық, тұшпара сатып аламын. Ірімшіктің бағасы удай қымбат. Биыл жемістің бағасы да тым шарықтап кетті. Оған айына үш мыңнан алты мың теңгеге дейін ақша жұмсаймын. Ішіп-жейтініміз – дәм-татымы жоқ, сапасы нашар азық-түлік. Ірімшік деп сататындары іркілдек бірдеңе. Шұжық атаулыны сатып алудан қорқамын. Тамақ өнімдерінде химиялық қоспа көп. Түріне қарасаң, тәбетіңді ашады, ал жеуге қорқасың, – дейді ол.
Жақында Ресейден оралған Олег ол жақтан алған әсерімен бөлісті:
– Белгородта болып қайттым. Ол жақта азық-түліктің түр-түрі самсап тұр. Ет те бізден көп арзан. Бізде еттің бір килограмын 1 мың 400 теңгеден арзанға таппайсың, 1 мың 600 теңге тұрады ғой. Ал ол жақта еттің тәуірі біздің ақшаға шаққанда 1 мың 100 теңге тұрады. Жалақы да бізге қарағанда сәл жоғары.
ТАМАҚҚА ЖҰМСАЛАТЫН АҚША
Жалпы тұрмыс деңгейі өскенімен, Қазақстан халқының жекелеген топтары құнарлы тамақтанбайды. Бұл тенденция статистика агенттігінің «2005–2011 жылдардағы тұрмыс деңгейін бағалау бойынша үй шаруашылықтарын зерттеу деректері негізінде Қазақстан Республикасының азық-түлік қауіпсіздігін бағалау» деген баяндамасында көрсетілген. Келесі баяндама енді алты жылдан кейін жасалады.
Зерттеуге Қазақстанның облыстары, Астана мен Алматы қалаларының әрқайсысынан 12 мың отбасы (40-41 мың адам) қатысты. 2005 жылы азық-түліктің 200 түрі болса, араға алты жыл салып бұл көрсеткіш 218-ге жеткен.
Баяндаманы құрастырушылар атап көрсеткендей, жаһандық дағдарысқа қарамастан, соңғы бес жылда ел экономикасының өскені байқалған. Жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім 2005 жылғы 3,8 мың доллардан 2011 жылы 11,3 мың долларға өскен. Алты жылда халық саны 10,6 пайызға өсті.
Кіріс деңгейі күнкөріс мөлшерінен төмен адамдардың пайыздық көрсеткіші 26,3 пунктке төмендеп, 2011 жылы 5,3 пайыз болды. Құнарсыз тамақпен ауқаттанатын халықтың үлесі де 5,7 есеге азайған. Азық-түлікке жұмсалатын күнделікті шығын көлемі халықтың жан басына шаққанда үш еседен көп өскен. Халық тұтынатын тамақ өнімдерінің қуаттылық құндылығы 2 мың 420 килокалориядан 3 мың 140 килокалорияға дейін ұлғайған.
САЛЫСТЫРУ
Зерттеушілер жалпы энергетикалық құндылыққа шаққандағы тұтыну пайызын да есептеп шығарыпты. Олардың деректері бойынша, халықтың негізгі тұтынатын тамақ өнімі – бұрынғысынша дәнді дақылдар. 2005 жылы бұл көрсеткіш 45,7 пайыз болса, 2011 жылы 39,4 пайызды құраған. Екінші орында – май және өсімдік тектес майлар (тиісінше 11,4 және 14,9 пайыз). Келесі қатарда – қант, шәрбат сулар, сүт, ірімшік және ет. 2011 жылы дәнді дақыл, сүт, ірімшік, тамыр/жемісті өсімдіктер, алкоголь, мал майлары бойынша көрсеткіштер төмендеген.
Баяндамада тамақ өнімдерінің негізгі көздері ретінде сатып алу, өз шаруашылығында өндіру, тегін (сыйға немесе көмек ретінде берілген), мейрамхана, дәмханалар мен басқа орындарда тамақтану көрсетілген. 2011 жылы 1000 килокалорияның орташа құны 2005 жылға қарағанда 2,4 есеге өсіп, 150,3 теңге болды. Ең жоғары көрсеткіш Алматы қаласында (208,1 теңге), ал ең төменгі көрсеткіш Оңтүстік Қазақстан облысында (109,4 теңге) байқалған.
«ҚҰНАРЛЫ ТАМАҚ – БАНАН МЕН АСҚАБАҚ»
Алматы қаласында сатушы болып істейтін Айман Біржанова «Халық дүкеннен негізінен сүт өнімдерін, көкөніс алады. Қымбат азық-түлікті өте сирек алады. Тауар біртіндеп қымбаттап жатыр» деді Азаттық тілшісіне.
Баяндама авторларының пікірінше, кірісі әр түрлі халықтың азық-түлік сатып алу жағдайы да біркелкі емес. Бұл жайт тамақтанудың қуаттылық құндылығына ықпал етеді.
Head Hunter зерттеу орталығы жүргізген сауалнамаға қатысқан 4 мың 403 адамның 32 пайызы табысының негізгі бөлігін тамаққа жұмсайды.
Біздің зерттеуіміздің кейіпкері Олег Иванов айына шамамен 100 мың теңгеге жуық жалақы алады. Ол – бойдақ, күніне тамаққа екі мың теңге жұмсайды.
– Біз өмір сүрген совет заманында 200 сомның 60 сомы тамаққа кететін. Онда да дастарханыңды аста төк жайсаң. Ал былайша айына 40 сом тамақтануға жетіп артылатын. Ал қазір дастарханыңда молшылық болу үшін 80-90 мың теңге керек. Ақша жинайын десем, ішім-жемнен артылмайды, – дейді ол.
Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі жергілікті және шетелдік сарапшылармен бірлесіп қазақстандықтар үшін жаңа тұтыну себетін құрастырып жатыр. Олар тұтыну себетінің азық-түлікке қатысты бөлігінің жалпы құнын сәл арзандатып, оның қуаттылық құндылығын 2175 килокалориядан 2250 килокалорияға арттырды.
Азық-түлік себетінің құнын арзандатып, құнарлылығын арттыру үшін диетологтар тамақ рационындағы жүзім, қарбыз, маргаринді банан және асқабақпен ауыстыруды ұсынады.
Мақаланы әзірлеуге Азаттық тілшісі Мәншүк Асаутай қатысты.