Accessibility links

ҮЕҰ-лар президенттен құқықтық кодекстерге вето қоюды сұрады


Теңгенің девальвацияға ұшырауына наразылық танытқан жұрттың біразы ұсталып, айыппұл төлеп, қамалып шықты. Алматы, 15 ақпан 2014 жыл. (Көрнекі сурет)
Теңгенің девальвацияға ұшырауына наразылық танытқан жұрттың біразы ұсталып, айыппұл төлеп, қамалып шықты. Алматы, 15 ақпан 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

Азаматтық қоғам өкілдері президент Назарбаевтан қылмыстық, қылмыстық-процессуалдық, қылмыстық-атқару және әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс жобаларына вето қоюын сұрады.

Қазақстан парламентінің мәжілісі маусымның 11-і күні пленарлық отырысында қылмыстық кодекстің жаңа жобасына сенат енгізген түзетулерді қабылдап, құжатты президент Нұрсұлтан Назарбаевқа бекітуге жіберді.

Мәжіліс депутаты Нұрлан Әбдіров «бірқатар түзетулер – редакциялық-анықтамалық сипаттағы түзетулер» екенін, «азаматтардың тепе-теңдігінің бұзылуы, банк ақшасын заңсыз пайдалануға қатысты баптар анықталғанын» айтты.

Бірақ жаңа кодекс жобаларының адам құқықтары мен діни сенім бостандығын шектей түсетін тұстары бар екенін айтып келе жатқан елдегі үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ) президент Назарбаевқа мәлімдеме жазып, жоғарыда аталған кодекстерге вето қоюын сұрады.

«ДАУЛЫ БАПТАР СОЛ КҮЙІ ҚАЛҒАН»

Мәлімдемеге қол қоюшылардың бірі, Халықаралық коммерциялық емес құқық орталығының кеңесшісі Айгүл Қаптаеваның айтуынша, кодекстердегі адам құқығына қайшы баптар сол күйі қалған.

«Енді жалғыз үміт – президентте. Президент вето қойса, біз ұсынған түзетулер қаралуы мүмкін» дейді ол.

ҮЕҰ-лардың интернетте жарияланған мәлімдемесінде бұл заңдар «азаматтардың конституциялық құқықтарын – әсіресе жиналу еркіндігі, діни сенім еркіндігі, сөз
Парламент депутаттары қылмыстық кодексті талқылап отыр. Астана, 23 қаңтар 2014 жыл.
Парламент депутаттары қылмыстық кодексті талқылап отыр. Астана, 23 қаңтар 2014 жыл.
бостандығы құқығы, жеке бостандық, тағы басқа құқықтарын бұзатыны» жазылған. Ұйымдар кодекстердегі өзгерістер Қазақстан қол қойған халықаралық құжаттарға да қайшы екенін айтады.

Азаматтық қоғам өкілдері жаңа қылмыстық кодекс жобасында өсек-аяң таратқаны үшін үш жыл бас бостандығынан айыру жазасы сақталғанын, «көрінеу жалған ақпарат таратқаны» үшін алғашқы жолы 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған жаңа бап енгізілгенін айтады. Мәлімдеме авторларының жазуынша, «осы жаңа бап сөз бостандығы құқығын қолданып жеке пікір, көзқарас, болжамын айтқан азаматтардың жауапкершілікке тартылуына да ықпал етуі мүмкін».

ҮЕҰ-лар өкілдерін алаңдатып отырған тағы бір бап – әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс жобасындағы «қоғамдық бірлестіктер туралы заңды бұзу» бабы. Белсенділер сөзінше, бұл баптың «кез-келген ұйымды тіпті ұсақ техникалық себептер үшін де жабатындай қуаты бар». Бұған қоса, қоғамдық бірлестіктер ұйымның жарғысында көрсетілмеген кез-келген әрекеті тіпті заңды әрекеті үшін де жазалануы мүмкін.

«ЕСКЕРТПЕЛЕРІМІЗ ЕЛЕНБЕДІ»

Белсенділер адам құқығына қайшы бұдан басқа да көптеген баптар бар екенін, заң жобасы таныстырылғалы бері ресми органдарға бұл баптарды алып тастауға шақырған ескертпелері еленбегенін айтады.

Олардың президентке арнап жазған мәлімдемесінде: «Біз конституцияның, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының мызғымастығының кепілі ретінде сізден парламент қабылдаған қылмыстық, қылмыстық-процессуалдық,
Парламентке баспана мәселелерін айтқалы келген тұрғындарды полиция өткізбеді. Астана, 14 сәуір 2014 жыл. (Көрнекі сурет)
Парламентке баспана мәселелерін айтқалы келген тұрғындарды полиция өткізбеді. Астана, 14 сәуір 2014 жыл. (Көрнекі сурет)
қылмыстық-атқару кодексі мен әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстерге вето қоюыңызды сұраймыз» деп жазылған.

Мәлімдемеге «Әділ сөз» баспасөз қорғау ұйымы, Адам құқығы және заңдылықты сақтау бойынша қазақстандық халықаралық бюро, «Адам құқығы үшін хартиясы» қоғамдық қоры, «Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қоры», «Аман-саулық» сияқты ұйымдар қол қойған.

Азаттық тілшісінің бұл мәлімдемеге байланысты аталған кодекс жобаларын ұсынған ресми органдардан комментарий алу әрекеті сәтсіз аяқталды.

Қазақстан парламенті жыл басынан бері талқылап жатқан қылмыстық, қылмыстық-процессуалдық, қылмыстық-атқару, азаматтық және әкімшілік кодекстері жобасына халықаралық құқық қорғау ұйымдары да қарсы болған еді. Норвегиялық Хельсинки комитеті мен «Халықаралық құқықтық бастама» қоғамдық қоры «Қазақстанның қылмыстық, қылмыстық процессуалдық және әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстерінің жаңа нұсқалары ҮЕҰ мен БАҚ қызметіне шектеу қояды» деп мәлімдеген. Бұл ұйымдар Қазақстан парламенті мен үкіметін аталған заңнамаларды адам құқықтарын қорғау мақсатында қайта қарауға шақырған болатын.
  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

XS
SM
MD
LG