Accessibility links

«Қазақстанда жиын өткізу құқығы - қағаз жүзінде ғана» дейді сарапшылар


Еуропа одағының Қазақстандағы өкілдігі басшысы Норбер Жустен. Астана, 18 қазан 2011 жыл.
Еуропа одағының Қазақстандағы өкілдігі басшысы Норбер Жустен. Астана, 18 қазан 2011 жыл.

Адам құқықтары бойынша 2009-2012 жылдарға арналған ұлттық жоспардың орындалуына құқық қорғаушылардың көңілдері толмайды. Ал билік бейбіт жиынды рұқсатсыз өткізуге мүмкіндік беретін заң жобасын қарастыруға уәде етті.


Қазанның 18-і күні Астанада адам құқықтары бойынша 2009-2012 жылдарға арналған ұлттық жоспардың орындалу жайы талқыланды. Онда негізінен азаматтардың «бейбіт жиын өткізу құқығы» және «мемлекет басқару ісіне қатысу құқығы» (яғни сайлау құқығы) сөз болды.

«ҚАЗАҚСТАНДА ТЕРРОРИЗМ ЖОҚ»

Бұл ұлттық жоспар Қазақстанның халықаралық қауымдастық алдында алған міндеттерін қаншалықты орындап жатқанын көрсететін құжат ретінде қабылданады. Қазақстан президенті жанындағы адам құқығы бойынша комиссияның хатшысы Тастемір Әбішев сөзінің басында бұл құжатты біраз мақтап қойды.

– 2009-2012 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы адам құқықтары саласындағы ұлттық іс-қимыл жоспары Қазақстан ЕҚЫҰ-ға
Қазақстан президенті жанындағы адам құқығы бойынша комиссияның хатшысы Тастемір Әбішев. Астана, 18 қазан 2011 жыл.
Қазақстан президенті жанындағы адам құқығы бойынша комиссияның хатшысы Тастемір Әбішев. Астана, 18 қазан 2011 жыл.
басшы болған кезде бренд болды. Халықаралық деңгейдегі, ұлттық сарапшылар оны жоғары бағалады, – деді ол.

Тастемір Әбішев адамдардың өмір сүру құқығынан бастап, еңбек қатынастары, әйел мен бала құқығы сияқты 23 бөлімнен тұратын ұлттық жоспардың «сәтті орындалып жатқанын» айта келе, «үкіметтің қол қусырып қарап отырмағанын» атап өтті.

Оның айтуынша, кейбір ережелерді қабылдауға тіпті қажеттілік те жоқ. Мысалы, оның айтуынша «Қазақстан өлім жазасына тыйым салмаса да, бұл жаза түрі 2003 жылдан бері орындалмай келеді».

– Құдайға шүкір, Қазақстанда терроризм жоқ. Соғыс та жоқ. Сондықтан бұл жайттар ешқашан қолданылмайды, – деді ол.

ЗАҢ ЖОБАСЫ

Жиынның басты тақырыбына – азаматтардың бейбіт түрде жиналу құқығы мәселесіне келген кезде Тастемір Әбішев «қазіргі кезде бас прокуратура бейбіт жиынға қатысты заң жобасына мұрындық болып отырғанын» айтты.

– Бұл заң жобасында назар негізінен бейбіт жиындар мен митингтердің ескерту сипатына аударылған, – дейді Тастемір Әбішев.

Заң жобасын бас прокуратура сияқты құқықтық қадағалау органының қолға алғанына құқық қорғаушылар таңдана беріп еді, Қазақстан президенті жанындағы адам құқығы бойынша комиссияның хатшысы Тастемір Әбішев «заң жобасы әділет министрлігіне берілу мүмкін екенін» айтып, түзетіп қойды.

«ҚАҒАЗ БЕТІНДЕГІ ҚҰҚЫҚ»

Ал адам құқығын қорғау бюросы Қарағанды облыстық бөлімшесінің жетекшісі Юрий Гусаков Қазақстанда бейбіт жиналу құқығы тек ұжымға
Адам құқығын қорғау бюросы Қарағанды бөлімшесінің жетекшісі Юрий Гусаков. Астана, 18 қазан 2011 жыл.
Адам құқығын қорғау бюросы Қарағанды бөлімшесінің жетекшісі Юрий Гусаков. Астана, 18 қазан 2011 жыл.
қатысты қолданылатынын, жеке адам құқығы ретінде қарастырылмайтынын айтты. Оның айтуынша, бұл құқықтың орындалуына заңнамалық тұрғыда бастапқы негіз бар болғанмен әрі қарайғы дамуы жоқ.

– Бұл әрбір адамның құқығы екені туралы конституциялық норма бар. Өкінішке қарай, әрі қарайғы заңнамаларда яғни осыған дейін айтқан заңда, заңнамалық құжаттарда бұл құқықтың ұжымдық түрде қолдану жағы ғана көрсетілген, – дейді Юрий Гусаков.

Оның пікірінше, бұл конституция түгілі, бостандық ұғымының барлық өлшемдеріне қайшы келеді.

Мәселенің құқықтық реттелу жағына тоқталған Юрий Гусаков мұнда да жағдайдың «мәз емес» екенін айтады.

– Азаматтардың бейбіт түрде жиналу құқығы тек қағаз жүзінде ғана бар. Алайда іс жүзінде көптеген жағдайларда бұл құқықты тек жүргізіліп отырған саясатқа, режимге, басқарушы партияға «адал» адамдар ғана пайдаланып отыр, – деді.

Ол шенеуніктерді ұлттық жоспардағы 5 және 6-бапқа, яғни «заң жобасын тезірек қабылдау» және «заң жобасы авторларының құжатты әзірлеу кезінде ЕҚЫҰ адам құқығы бойынша негізгі принциптерін басшылыққа алу» жағына назар аударуға шақырды.

Құқықтық саясатты зерттеу орталығының атқарушы директоры Назгүл Ерғалиева БҰҰ-ның адам құқығы бойынша комитеті дәл осы мәселеде
Құқықтық саясатты зерттеу орталығының атқарушы директоры Назгүл Ерғалиева. Астана, 18 қазан 2011 жыл.
Құқықтық саясатты зерттеу орталығының атқарушы директоры Назгүл Ерғалиева. Астана, 18 қазан 2011 жыл.
сынайтынын, азаматтардың құқықтары бұзылып келе жатқанын айтты.

– Қазақстанда бейбіт жиналу құқығы орындалмайды, сақталмайды. Бұл тек заңнама жүзінде ғана емес, іс жүзінде де солай. БҰҰ-ның адам құқығы бойынша комитеті әсіресе жиын өткізуге орын шектеу практикасына алаңдап отыр. Жергілікті жерлерде барлық ережелерге сүйене отырып, жиындар шектеледі, – дейді Назгүл Ерғалиева.

ЖОСПАРДЫ БАҚЫЛАУҒА - 240 МЫҢ ЕУРО

Адам құқықтары бойынша ұлттық жоспардың орындалуын бақылау жоспары биылғы наурыз айында басталған. Еуропа одағының Қазақстандағы өкілдігі басшысы Норбер Жустеннің Азаттық радиосына айтуынша, Қазақстандағы адам құқықтары жөніндегі бюроның жобасы мақұлданып, Еуропа одағы бұл іске 240 мың еуро бөлген.

– Біздің ойымызша, Қазақстандағы адам құқықтары жөніндегі қазіргі жоспар - жақсы жоспар. Біз де көмектесіп, қаржы бөліп, осы жоспардың ары қарай жүзеге асуына септеспекпіз, - дейді Еуропа одағының Қазақстандағы өкілдігі басшысы.

Норбер Жустеннің айтуынша, Қазақстанда алдағы уақытта өтуі тиіс парламент сайлауы - маңызды іс.

– Бұған баса назар аударамыз. Қазақстанның Конституциясында ел парламенті көп партиялы болатыны жазылған. Ең бастысы - парламент сайлауында бәсекелестік болу үшін тіркелген партиялардың бәрінің мүмкіндігі бірдей болуын ұйымдастыру керек, - дейді Норбер Жустен.
  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

XS
SM
MD
LG