Джаз фестивалі жөніндегі хабарды тыңдаңыз
Осы жылы фестивальге Америкадан, Франциядан, Германиядан, Түркиядан және Австриядан есімдері әлемге әйгілі музыканттар келді.
Орталық Азия бойынша жастарды джаз музыкасына бейімдейтін мектеп Алматы қаласында орналасқан. Мектеп оқушылары бірнеше аспапта ойнап үйренгендерін алға тартады. Ал ұстаздары болса, оқушылар кез-келген жанрда ойнай алатындығын айтады.
Фестивальге Америкадан келген Шамар Аллен және Андердогз джаздан өзге рок, хип-хоп сияқты музыка жанрларын ала келген. Шетелден келген музыканттар қазақтың ұлттық аспаптарын джаз жанрына енгізіп, бірлесе ойнауды ұсынды.
Биылғы жылы өткен джаз фестиваліне өткен жылдармен салыстырғанда көрші мемлекеттерден музыканттар келмеді. Фестивальді ұйымдастырушылар оны көрші мемлекеттерде де фестиваль өтіп жатқанымен және оларды Қазақстанға арнайы шақыратын қаржылай мүмкіндіктерінің жоғымен түсіндірді.