Accessibility links

Геннадий Павлюктің өліміне қатысты сот процестері басталды


Жұмбақ жағдайда көз жұмған журналист Геннадий Павлюк.
Жұмбақ жағдайда көз жұмған журналист Геннадий Павлюк.

Алматыда жұмбақ жағдайда көз жұмған қырғыз журналисі Геннадий Павлюктің өліміне қатысты алдын-ала тыңдау өтті. Айыпталушы ретінде танылған қырғыз шенеунігінің адвокаты бұл істің саяси астары бар екенін айтады.


Мамырдың 27-сі күні Алматыда қырғыз журналисі Геннадий Павлюкке қатысты алдын-ала тыңдау жабық жағдайда өтті. Айыпталушы жақ адвокаттарының айтуынша, судья Ахметқали Молдағалиев сотты ашық жағдайда өткізуге рұқсат берген.

Геннадий Павлюктің ісі бойынша үш азамат айыпталып отыр. Олар – Алмаз Игіліков, Шалқар Оразалин (Қазақстан азаматтары) және Алдаяр
Айыпталушы Шалқар Оразалиннің адвокаты Айгүл Ербөлекова. Алматы, 27 мамыр 2011 жыл.

Исманқұлов (Қырғызстан азаматы).

Бұл азаматтарға Қылмыстық кодекстің 96, 181, 125-баптары бойынша (адам ұрлау мен өлтіру, бопсалау фактілері бойынша) айыптар тағылып отыр. Адвокаттардың айтуынша, олар тағылған айыптарды мойындамайды.

– Шалқар Оразалиннің бұл қылмысты жасағанына қатысты тергеуде нақты дәлел көрсетілмеген. Сондықтан айыпты негізсіз, заңсыз деп есептеймін, – дейді Шалқар Оразалиннің адвокаты Айгүл Ербөлекова.

САЯСИ ТАПСЫРЫС

Қырғызстанның бас прокуратурасы өткен жылы желтоқсан айында Павлюктің өліміне қатысы бар деген күдікпен Алдаяр Исманқұловтың Алматыда ұсталғанын хабарлады. Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік қызметінің бұрынғы қызметкері, 35 жастағы Алдаяр Исманқұловқа Павлюк ісі бойынша қылмыстық кодекстің алты бабына сай айып тағылып отыр. Қорғаушы жақтың айтуынша, Исманқұлов қазір
Айыпталушы Алдаяр Исманқұловтың адвокаты Светлана Мурзина. Алматы, 27 мамыр 2011 жыл.

Алматыдағы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тергеу изоляторында қамауда отыр. Оның қорғаушысы Светлана Мурзина Исманқұловқа тағылған айыптың саяси астары бар екенін айтты.

– Материалға қарап, істің қолдан ұйымдастырылғаны көрініп тұр. Тергеу органдары дәлелдерді қолдан жасаған... Ол (Алдаяр Исманқұлов – Азаттық) өз кінәсін мойындамайды. Ол әу баста-ақ Алматыға өзінің кінәсіз екендігін дәлелдеу үшін келген болатын. Себебі Қырғызстандағы белгілі бір саяси топтар Исманқұловты қылмыскер ретінде танытуды мақсат еткен, – дейді Светлана Мурзина.

Ресми ақпарат бойынша, Қырғызстанда Алдаяр Исманқұловқа қатысты бұрындары да қылмыстық іс қозғалған. Адвокатының айтуынша, оған тағылған айыптар алынып тасталыпты.

Жұма күні болған алдын-ала тыңдауға Алдаяр Исманқұловтың әкесі Валерий Ким де келген екен. Азаттық тілшісімен сұхбатта ол баласының кінәсіз екенін, сондықтан процестің ашық болуын қалағанын айтты.

Қырғыз журналисі Геннадий Павлюк 2009 жылы желтоқсанның 16-сы күні Алматы қаласындағы тұрғын үйлердің бірінің алтыншы қабатынан жұмбақ жағдайда құлап, сол ауыр жарақаттан есін жимаған күйі желтоқсанның 22-сінде қайтыс болған еді. Қазақ полициясы осы оқиғаға орай кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғап, оны зерттеуге Қазақстан мен Қырғызстанның құқық қорғау орындары кірісті.
  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

XS
SM
MD
LG