Accessibility links

«Сектамен күрес орталығы» сотта гештальт-психологтан жеңіліп қалды


Гештальтпсихолог Надежда Шерьязданова (ортада) Қазақстандағы психологтардың жағдайы туралы баспасөз-мәслихатын өткізіп отыр. Алматы, 9 шілде 2013 жыл.
Гештальтпсихолог Надежда Шерьязданова (ортада) Қазақстандағы психологтардың жағдайы туралы баспасөз-мәслихатын өткізіп отыр. Алматы, 9 шілде 2013 жыл.

Қарағандылық сот гештальт-психологтың талабын жартылай қанағаттандырды. Жеке тұлға Виктория Артемьева мен «Әлеуметтік зерттеулер орталығы» үкіметтік емес ұйымы айыппұл төлеуі тиіс. Бірақ дау әлі біткен жоқ.

Гештальт-психолог Надежда Шерьязданованың әрекетіне биліктің наразы екенін Қарағанды тұрғындары былтыр білді. «Әлеуметтік зерттеулер орталығы» үкіметтік емес ұйымы (ҮЕҰ) мен оған қарасты «Виктория» әлеуметтік-психологиялық және құқықтық көмек көрсету орталығына (кейбіреулер «сектамен күрес орталығы» деп те атайды) психологтың клиенттері шағымданған. Олардың жазуынша, туысқандары бес-алты жыл бойы Шерьязданованың бағасы қымбат жеке консультациясы мен тренингтеріне барады. Туысқандары бұған қатты алаңдайды екен.

Осыдан кейін маманды мемлекеттік мекемелер тексере бастады, солайша гештальт-психологтың бизнесі әлсіреп кетті. Шерьязданованың атына қарсыластары түрлі жағымсыз пікірлер айтты, бірақ сот оны «шындыққа сай емес» деп тапты. Әзірге шиеленіс шешімін тапқан жоқ.

ШАҒЫМ ІШІНАРА ҚАНАҒАТТАНДЫРЫЛДЫ

Қарағандылық Надежда Шерьязданова өзін психолог-кеңесші деп атайды, яғни гештальт әдісі бойынша психологиялық түзетулер енгізіп, жеке тұлғаның дамуына ықпал ететін маман.

«Виктория» орталығының хатынан кейін прокуратура мен медициналық және фармацевтикалық іскерлікті бақылау комитетінің департаменті мен прокуратура Надежда Шерьязданованың әрекетіне наразылық білдірді.

Ресми құжатта Шерьязданова «заңсыз медициналық әрекетпен айналысып, психотерапия әдістерін сапасыз қолданған, соның ішінде гештальт терапия аясында
Гештальт-психолог Надежда Шерьязданованың клиенттері Қарағанды облыстық медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті департаментінің алдында наразылық акциясын өткізіп тұр. 15 сәуір 2013 жыл.
Гештальт-психолог Надежда Шерьязданованың клиенттері Қарағанды облыстық медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті департаментінің алдында наразылық акциясын өткізіп тұр. 15 сәуір 2013 жыл.
феноменологиялық әдіспен айналысқан» деп жазылған. Сондай-ақ Шерьязданованың клиенттерге диагноз қоюға, жетілдіру курсын жүргізуге және куәлік беруге құқы болмағаны көрсетілген.

Гештальт-психолог Шерьязданова клиенттермен жұмысын тоқтатуға мәжбүр болды. Оның кейбір клиенттері Шерьязданованың әрекетіне ресми мекемелердің араласуына қарсы шықты, тіпті «олар шешімін өзгертсін» деген талап қойып, сәуір айында қарсылық акциясын да өткізді.

Бұл кезде Шерьязданова сот залында қарсыластарымен дауласып жатты. Ол өзінің ар-намыс, адамгершілік және іскерлік абыройын қорғау туралы шағымданды. Ол «Виктория» орталығының директоры Виктория Артемьеваның үстінен жеке тұлға ретінде, ал «Әлеуметтік зерттеулер орталығы» ҮЕҰ үстінен заңды тұлға ретінде шағым түсірді. Онда моральдық шығынды өтеп, Шерьязданованың атына айтылған теріс пікірлерді жарамсыз деп тану туралы талап бар. Бірінші инстанцияның соты шағым талабын мүлдем қабылдамады.

Өткен аптада облыстық соттың апелляциялық алқасы шағым берушінің талабын жартылай қанағаттандырды. Сот «психокульт» сөзін жарамсыз, жағымсыз деп танып, жеке тұлға Виктория Артемьева мен «Әлеуметтік зерттеулер орталығы» ұйымының арқайсысын моральдық өтемақы ретінде 25 мың теңгеден (160 доллар), сараптама шығыны ретінде 25 мың теңгеден, мемлекеттік салық ретінде 809 теңгеден төлеуге үкім етті.

– Мәселе ақшада емес. Ұйымға қарсы тұрып, ол тудырған жағымсыз қоғамдық пікірді талқандау керек болды. Бұл сот процесін әлі жалғастырамын, Артемьева мен оның біліксіз әрекетіне клиенттеріммен бірге қарсы шығамын, – деді Надежда Шерьязданова Азаттыққа берген сұхбатында.

ҚАРСЫЛАСТАР КЕЛІСПЕЙДІ

«Виктория» әлеуметтік-психологиялық және құқықтық көмек көрсететін орталығының директоры Виктория Артемьева сот шешімімен келіспейді.

– Жеке тұлға ретінде Шерьязданова туралы пікір айтқан емеспін, тек ұйым өкілі

Гештальт терапиясы

Гештальт терапиясы (немісше Gestalt - бейне, қалып) – жауапкершілікті күшейтуге көбірек мән беретін адамға психотерапиялық ықпал ету жүйесі.

Гештальт-психолог – терапияның осы түрімен айналысатын маман.
ретінде қарсы шықтық. Сот қаулысында мені жеке тұлға ретінде қараған. Оған еш негіз жоқ, - деді Виктория Артемьева телефон арқылы Азаттық тілшісіне.

Оны жақтаушылар «Артемьева Шерьязданованың намысына тиетін сөз айтқан жоқ» дейді.

– Төрт жылдан астам уақыт заңсыз медициналық әрекетпен айналысқан Шерьязданова медициналық психологиямен де заңсыз айналысып келген, бірақ оны заңға қайшы деп санамайды. Яғни «заңды бұздым – оқасы жоқ» деп отыр, - деп жазады Азаттыққа «Әлеуметтік зерттеулер орталығы» үкіметтік емес ұйымы.

НАЗАРБАЕВҚА ХАТ

Гештальт-психолог Надежда Шерьязданова Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен премьер-министр Серік Ахметовке, жоғарғы сот пен конституциялық кеңеске хат жазды. Онда жағдайын түсінуді, шиеленісті оқиғаны шешуге көмектесуді сұрап, «аталған іс – елдегі психологтардың жалпы жағдайының мысалы» деп жазған.

Гештальт-психологтың айтуынша, мәселе заңды дұрыс түсінбеуде жатыр.
Психологтардың жұмысына әкімшілік жасайтын мемлекеттік мекеме құру мүмкіндігін қарастыруды сұраймын.
Психолог - гуманитарлық білім алады, ал психологиялық әрекетті бақылауды медициналық білімі бар мамандар жүргізбек. «Осының өзі - шиеленістегі басты қайшылық» дейді ол.

– Медициналық мамандардың менің әрекетімді тексергенін жарамсыз деп тануды, нормативті-құқықтық базаға кейінгі шиеленісті жағдайлардың алдын алу үшін дәрігерлер мен психологтардың психотерапиясы арасындағы айырмашылыққа түзету енгізуді, психологтардың жұмысына әкімшілік жасайтын мемлекеттік мекеме құру мүмкіндігін қарастыруды сұраймын. Еліміздегі психологтардың әрекеті туралы нормативті-құқықтық база дұрыс өңделмеген, сондықтан оған сүйеніп мені кәсіби маман емес немесе заңға қайшы амалдар жасады деп айыптауға негіз бола алмайды, - дейді гештальт-психолог Надежда Шерьязданова Азаттық тілшісіне.

Өткен аптада Алматыда Қазақстандағы тәжірибелік психологияның дамуы мен психологтардың жағдайына арналған баспасөз-мәслихаты өтті. Мәслихатқа Надежда Шерьязданова мен оның бірнеше клиенті қатысты.

Мақаланы орыс тілінен аударған – Динара Әлімжан.
XS
SM
MD
LG