Accessibility links

Кәрім Мәсімов Азаттық радиосына байланысты цензураны өзі жасады


Қазақстан премьер-министрінің www.pm.kz веб-сайтындағы Азаттық радиосына берілген дауыс. 26 сәуір 2011 жыл.
Қазақстан премьер-министрінің www.pm.kz веб-сайтындағы Азаттық радиосына берілген дауыс. 26 сәуір 2011 жыл.

Премьер-министр Кәрім Мәсімов өзінің онлайн-конференциясын қай сайтта өткізу туралы сауалнама жариялады. Азаттық радиосы ең көп дауыс – 75 пайыз жинаған еді. Бірақ ол мәліметтерді өшіріп тастады.


Өткен аптада Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімовтің Twitter желісіндегі жеке парағында онлайн-конференция өткізуге қажет веб-сайт іздеген хабарландыруы жарияланды. «Көп ұсыныс түсті, белсенділіктеріңізге ризамын. Бүгін менің ресми сайтым pm.kz-де онлайн-конференцияны өткізу алаңы үшін дауыс беру басталады. Дауыс беру нәтижесі 28-сәуірде жарияланады» деп жазған еді премьер-министр.

Кәрім Мәсімовтің ресми сайтындағы онлайн-конференциядан үміткер
Қазақстан премьер-министрінің www.pm.kz веб-сайтындағы Азаттық радиосына берілген дауыс. 26 сәуір 2011 жыл.
сайттар арасында Азаттық радиосы сайты да бар екен, ол алфавит тәртібі бойынша бірінші орында тұр.

Азаттық радиосы сейсенбі, 26 сәуір күні осы сауалнама туралы хабарлап, өз оқырмандарын дауыс беруге шақырған. Азаттық радиосының онлайн-конференциялары аса танымал. Бұған дейін Қазақстанның бірнеше министрлері мен лауазымды тұлғалары, ньюсмейкерлері Азаттықта қонақта болған.

Ең қызығы, біз хабарландыру берген соң жарты сағат өтпей жатып Кәрім Мәсімовтің веб-сайтында Азаттық радиосы кандидатурасын қолдаушылардың үлесі 75,61 пайызға жетті! Бұл – 10 мыңға жуық адам. Бірақ тағы жарты сағат өте бере Азаттық радиосын қолдаушылардың дауыстары өшіріліп тасталды.

Қазақстан премьер-министрінің веб-сайтындағы сауалнамада Азаттық радиосын қанша адамның қолдағанын оң жақтағы скрин-шоттан анық көруге болады.

Қоғамдық өмірдің кез-келген саласымен әріптес болуға ынталы Азаттық радиосы осыған орай премьер-министрге мынандай ұсыныс жасайды: біз таяу арада Кәрім Мәсімовтің онлайн-конференциясын өткізуге дайынбыз әрі премьер-министрдің веб-сайтындағыдай ресми, бұрма нәтиже болмайтынына кепілдік береміз.

Премьер-министр Кәрім Мәсімовтің жауабын KazakhOnline@rferl.org электронды адресінде күтеміз.
XS
SM
MD
LG