Бүгін Алматы облысы Қаскелең қаласындағы мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер сотында оппозициялық саясаткер Алтынбек Сәрсенбайұлының өліміне қатысты сотталған сенат аппаратының бұрынғы жетекшісі Ержан Өтембаевтың үкімін қайта қарау туралы соты жалғасты.
ӨТЕМБАЕВТЫҢ ТАҢЫРҚАУЫ
Дүйсенбі күнгі сот отырысында прокурор бұған дейін оппозициялық саясаткер Алтынбек Сәрсенбайұлы мен оның серіктерін өлтіруге тапсырыс берді деп сотталып, кейін үкімі қайта қарауға жіберілген Ержан Өтембаевқа бұрынғы айыбын қайта тақты. Прокурор оның "кісі өлтіруге тапсырыс бергені" туралы айыбы мен "қылмыстық тапсырыстың қалай орындалғаны" туралы сот дәйектерін қайта оқыды.
Бұған жәбірленуші жақ өкілдері (Рысбек Сәрсенбай, Маржан Аспандиярова, Төлеген Жүкеев және Алтынбек Сәрсенбайұлының жесірі Салтанат Атушеваның адвокаты Гүлнар Жуасбаева) де, Ержан Өтембаев пен оның адвокаты да бірдей таңданыс білдірді.
Өтембаев бас прокуратураның сұрауы бойынша бұған дейін өзіне тағылған айыптың өзгертілгенін айтып, бүгін ескі айыптың қалайша қайта тағылғанын түсінбей қалғанын айтты. Ол прокурордан айыпты жазбаша түрде беруді сұрады.
ИБРАГИМОВТІҢ КУӘЛІГІ
Бұрынғы айыптың қайта тағылғанына таң қалған жәбірленуші жақ пен айыпталушы жақ және олардың адвокаттары істің қайта қаралуына себеп болған, "кісі өлтірді" деп танылған бұрынғы полиция қызметкері Рустам Ибрагимовты сотқа шақыртуды сұрады. Сот кеңесе келе Ибрагимовты шақыртуды ұйғарды. Ибрагимов сотқа түстен кейін әкелінді.
Ибрагимов сотта Алтынбек Сәрсенбайұлын өлтіруге ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) бұрынғы төрағасы "Әлнұр Мұсаев тапсырыс бергенін" айтты. Оның сөзінше, Мұсаев әуелі Ибрагимовке Сәрсенбайұлының үйінің адресін, көлігінің нөмірін берген, кейін оппозиционердің өзін сыртынан көрсеткен. Ибрагимов Мұсаевтың бұйрығы бойынша "Саяхат" автовокзалы жаққа кетіп бара жатқан Сәрсенбайұлының көлігін қуып жетіп тоқтатып, қаланың сыртына шығарып, екі серігімен бірге атып кеткенін айтты.
Ибрагимов Сәрсенбайұлын өлтіру жайын "Өтембаевпен ешқашан талқыламағанын" мәлімдеді.
МҰХАМЕДЖАНОВ, КЕКШАЕВ ЖӘНЕ БАСҚАЛАР
Бұның алдында жәбірленуші жақтың өкілдері мен адвокаты сот төрағасынан сотқа Алтынбек Сәрсенбайұлына қастандық жасалған кезде ішкі істер министрі болған Бауыржан Мұхамеджановты, тергеу кезінде аты-жөні аталған Ресей азаматы Алексей Кекшаевты шақыртуды сұраған еді.
Жәбірленуші жақ бұған қоса қастандыққа ҰҚК-нің "Арыстан" арнайы жасағының қатысы болғандықтан, сот төрағасынан істің әскери сотта қаралуын сұрап, өтініш білдірді. Бірақ айыпталушы жақ - Ержан Өтембаевтың адвокаты мен прокурор жоғарғы соттың істі Алматы облыстық сотына қайта қарауға жібергенін айтып, оған қарсылық білдірген. Бірақ сот бұл өтініштерге қатысты әзірге жауап бермеді.
Қазақстан оппозициясы басшыларының бірі болған Алтынбек Сәрсенбайұлы 2006 жылдың ақпанында екі серігі - Василий Журавлев және Бауыржан Байбосынмен бірге Алматыда жұмбақ жағдайда кісі қолынан қаза тапқан еді.
Сот бұл қылмысқа Ержан Өтембаев «тапсырыс берген» деп тауып, оны 20 жылға соттаған. «Кісі өлтірді» деп танылған бұрынғы полиция қызметкері Рустам Ибрагимов өмір бойына түрме жазасына кесілген.
Ал 2013 жылы желтоқсанның 20-сы күні бас прокуратура "Алтынбек Сәрсенбайұлын өлтіруге шын мәнінде Рахат Әлиев тапсырыс берген" деп мәлімдеген.
Бас прокуратураның хабарлауынша, Ибрагимов 2012 жылдың сәуір айында жоғарғы сотқа жүгініп, Сәрсенбайұлын өлтіруге тапсырыс берген Ержан Өтембаев емес - Рахат Әлиев пен ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Әлнұр Мұсаев деп көрсеткен.
Бас прокуратура 2013 жылы 11 желтоқсанда Ибрагимов келтірген мәліметтер мен жаңа деректерге сүйеніп, жоғарғы соттан Сәрсенбайұлы мен оның екі серігінің өліміне қатысты сот үкімін қайта қарауды сұраған. Жоғарғы сот 19 желтоқсанда Өтембаевқа қатысты үкім күшін ішінара жойып, істі Алматы облыстық мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер сотына қайта қарауға жіберген.