Басылымның маусымның 27-і күнгі санында жазуынша, АҚШ-тың Вест-Пойнт әскери академиясы (Нью-Йорк), Аннаполис әскери-теңіз академиясы (Мэриленд), Колорадо Спрингз әскери әуе күштері академиясы және Нью-Лондондағы жағалау күзеті академиясына оқуға қабылданған төрт қазақ студент үшін Астанада арнайы презентация өткен.
АҚШ елшілігінің қызметкерлері ұйымдастырған кездесуге әскери дипломаттар, студенттер, бұрынғы студенттер мен америкалық кадеттер және Вест-Пойнттың профессоры қатысып, пікір алмасқан.
Елшілік қызметкері Дейв Беннеттің өзі Вест-Пойнттың түлегі. Ол Қазақстандағы көптеген мектептерге барып, АҚШ-та әскери дайындықтан өтудің жолдарын айтып түсіндірген. Сол себепті соңғы уақытта америкалық әскери білім орындарына деген ынтызарлық күрт күшейген.
Онлайн-басылым жас қазақтардың АҚШ-тағы әскери мектептерге 2000 жылдан қабылдана бастағанын, бірақ соңғы уақытқа дейін мұнда оқитындардың саны соншалықты көп болмағанын айтады.
Зор сұрыптаудан өтіп, АҚШ-тың үздік төрт әскери академиясына түскен төрт қазақ студентпен сөйлескен автор олардың отанына оралып, қызмет еткісі келетінін жазады.
Нью-Лондондағы жағалау күзеті академиясына түскен шучинскілік Батырбек Қаңтарбаев есімді жас жігіт әкесінің ізімен осы саланы таңдағанын айтыпты. Ал қарағандылық Бақытжан Қалыбеков - америкалық әскери әуе күштері академиясына түскен бірінші қазақ. Бақытжанның бабасы совет әскери ұшқышы болған екен. Ол қазақстандық әуе күштерінің жаңаруына үлес қосқысы келетінін айтыпты.
Автордың баяндауынша, тағы бір қарағандылық Жайна Мырзаханова Вест-Пойнттағы әскери академияда оқитын екінші қазақстандық қыз студентке айналмақ. Жайна жартасқа өрмелеуден Азия біріншілігінде үшінші орын алған.
Петропавловскіден келген Темірлан Дәулетбаев АҚШ пен ондағы әскери білім жүйесі туралы білуге бұрыннан құмар болғанын айтқан. Ол жаңа дүние көріп, болашақта Қазақстанда әскери қолбасшы болуды армандайды екен.
Кездесуге АҚШ-тағы әскери академияда оқыған тұңғыш қазақ, Вест-Пойнттың түлегі Данияр Өтеулин мен сол оқу орнының 8 америкалық кадеті де қатысқан. Олар қазақстандық жаңа студенттерге АҚШ-та оқудың, жазғы әскери лагерьде жаттығудың қыр-сырларын әңгімелеп берген.
Кездесу соңында ата-аналардың бірі Ғазиз Дәулетбаев Қазақстан мен АҚШ үкіметіне балаларының білім алуына жағдай жасап отырғаны үшін алғыс айтқан.
АҚШ елшілігінің қызметкерлері ұйымдастырған кездесуге әскери дипломаттар, студенттер, бұрынғы студенттер мен америкалық кадеттер және Вест-Пойнттың профессоры қатысып, пікір алмасқан.
Елшілік қызметкері Дейв Беннеттің өзі Вест-Пойнттың түлегі. Ол Қазақстандағы көптеген мектептерге барып, АҚШ-та әскери дайындықтан өтудің жолдарын айтып түсіндірген. Сол себепті соңғы уақытта америкалық әскери білім орындарына деген ынтызарлық күрт күшейген.
Онлайн-басылым жас қазақтардың АҚШ-тағы әскери мектептерге 2000 жылдан қабылдана бастағанын, бірақ соңғы уақытқа дейін мұнда оқитындардың саны соншалықты көп болмағанын айтады.
Зор сұрыптаудан өтіп, АҚШ-тың үздік төрт әскери академиясына түскен төрт қазақ студентпен сөйлескен автор олардың отанына оралып, қызмет еткісі келетінін жазады.
Бақытжан Қалыбеков - америкалық әскери әуе күштері академиясына түскен бірінші қазақ. Бақытжанның бабасы совет әскери ұшқышы болған екен. Ол қазақстандық әуе күштерінің жаңаруына үлес қосқысы келетінін айтыпты.