«Қорғас ісі» бойынша үкім сенбі күні – сәуірдің 12-сінде шығарылды. Бұл – тәуелсіз Қазақстан тарихындағы коррупцияға қарсы ең ірі іс. Бір қызығы - айыпталушыларға қарсы қылмыстық іс 2013 жылы сәуірдің 12-сінде келіп түскен. Үкім тура бір жылдан соң шығарылып отыр. Ал айыпталушыларды 2011 жылдан бастап ұстай бастаған.
«Қорғас ісі» бойынша 45 адам сотты болған. Олардың 42-сі қамауға алынған. Айыпталушылардың көбі кеден қызметінің аймақтық органдары мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінде жоғары лауазымды шенеуніктер болған.
Сот пікірі бойынша, ұйымдасқан қылмыстық топ ұзақ уақыт бойы Қытайдан Қазақстанға контрабандалық жолмен тауарлар өткізіп отырған. Іс материалдарында аталған қауымдастықтың «аса ірі көлемде экономикалық контрабанданы өткізгені» айтылған. Сот «бұл топқа Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жоғары лауазымды шенеуніктері қолдау көрсетіп келген» дейді.
ПОГОН МЕН МАРАПАТТАН АЙЫРУ
Істің басты айыпталушыларын – «ұйымдасқан қылмыстық топ жетекшілері» Талғат Қайырбаев пен Бақыт Отарбаевты қылмыстық топты ұйымдастырғаны және жетекшілік еткені үшін, экономикалық контрабанда, қаражатты заңдастырғаны, қылмысқа дайындық жасап, оқталғандары, пара бергендері үшін айыпты деп тапты. Олар – істің басты айыпталушылары, әрі «ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшілері» болып аталды. Талғат Қайырбаев бас бостандығынан 16 жылға, ал Бақыт Отарбаев 13 жылға айырылды.
Соттың айыптауы бойынша, «Қорғас» кеден бекетіндегі алаяқтық әрекеттерді Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жоғары лауазымды тұлғалары жасырып келген. Олардың арасында полковник Талғат Жақаев, подполковник Ирлан Әбдірахманов және Ақмола облысы бойынша ҰҚК департаменті басшысының орынбасары, полковник Бақытбек Құрманәлиев бар.
Жақаев пен Әбдірахмановтың екеуі де 17 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал Құрманәлиев 16 жылға сотталды. Алматы облысы бойынша Кедендік комитет департаментінің бұрынғы басшысы, полковник Құрманбек Артықбаев 14 жылға сотталды. Әдеттегідей олардың бәрі әскери атақтарынан айырылды. Бұған қоса сот Қазақстан президентіне оларды мемлекеттік марапаттарынан айыру туралы ұсыныс жасады.
«Қорғас» кеден бекетінің бұрынғы басшысы, кеден қызметінің подполковнигі Бақытжан Айдаров бас бостандығынан бес жарым жылға айырылды. Айдаровқа елден кетпеу жайлы алдын кесу шарасы қолданылған. Алайда ол тұтқындауға өзгертілді. Оның қолына кісен тура сот залында салынды. «Қалжат» кеден бекетінің бұрынғы басшысы Миндулла Үмбетқалиев 9 жылға сотталды. «Алатау-ЦТО» кеден бекетінің бұрынғы басшысы Михаил Войтович бас бостандығынан 8 жылға айырылды.
Үкім шығарылып жатқанда бір сәтке «Қорғас ісі» бойынша ең болмағанда бір айыпталушы ақталатындай болып көрінді. Бұл ой судья Советхан Сәкенов Михаил Войтович «ақталды» дегенде туды. Зал бір сәтке босаңсып, демін қайта ішінде тартқандай болды. Судья біраз кідіріп, үкімді ары қарай оқыды. Негізінде Войтович тек бір бап бойынша ақталған екен. Есесіне қалған баптар бойынша барлығы 8 жылға сотталған.
ҮКІМНЕН СОҢ
Журналистер үкімнің шығуын баспасөз орталығы етіп жабдықталған залдан мониторлар арқылы бақылап отырды. Олар дәлізге шықпас үшін сырттарынан жауып қойды. Сот залында отырған әйелдердің кейбірі үкім шығарылып жатқанда көз жастарын сүртіп отырды. Үкім оқылып болған соң, наразы дауыстар шыға бастады. Баспасөз орталығындағы мониторларды әп-сәтте өшіріп тастады.
Сотталғандардың адвокаттары мен туыстары сот отырысының залынан шыға сала, оларға журналистер лап қойды. Алайда Елена Ребенчуктен басқа адвокаттар үкімге комментарий жасаудан бас тартты. Ребенчуктің айтуынша, өзі қорғаған Ирлан Әбдірахмановтың кінәсіздігін ол толығымен дәлелдеген. Сондықтан соттың бұндай шешімін түсіне алмайтынын айтты. Ол енді үкімге қатысты шағым түсіреміз дейді.
17 жылға сотталған ҰҚК подполковнигі Ирлан Әбдірахмановтың әкесі Болат Әбдірахмановтың өзі де – 30 жылдық стажы бар бұрынғы ҰҚК қызметкері. Ол да «ұлыма тағылған айыптың бәрі жоққа шықты» деп санайды.
"Үкімді ақылым да, жүрегім де қабылдай алмайды. Мен бұл істі бұрмаланған деп санаймын. Ел басшылығын жаңылдырып отыр. Сол себепті де ол осылайша өтті» деді Болат Әбдірахманов.
Бас бостандығынан 16 жылға айырылған ҰҚК полковнигі Бақытбек Құрманәлиевтің әкесі Құрманәлі Жанботаев пен ағасы Дәулет Жанботаев «оның кінәсі дәлелденген жоқ» дейді. Бұған қоса ағасы «Қорғас ісінде» саяси астардың болуы мүмкін деп ойлайды.
"Бұндай үкімге елдің жоғары басшылығының кейбір өкілдері мүдделі. Менің інім "президент алдында еш кінәм жоқ" дейді. Меніңше, бұл – үлкен саяси іс" дейді Дәулет Жанботаев.
Алматы облысының 76 жасар тұрғыны Жұмаділ Орынбетов – 6 жылға сотталған Нұрмолда Бөлегеновтің ағасы. Ол інісінің неліктен осындай мерзімге сотталғанын түсінбейтінін айтады.
"Оның анасы – менің әпкем, келе алмады. Сот үкімін есту үшін орнына мен келдім" деп түсіндірді Жұмаділ Орынбетов.
Алматы қаласының 74 жасар тұрғыны Қатипа Дәуітбекова – 4 жарым жылға сотталған Берікхан Дәуітбековтің анасы. Ол «ұлым қарапайым таксист болып жұмыс істеді» дейді. Және де оған тағылған айыптарға сенбейді. Қарияның сөзінше, Берікхан отбасының жалғыз асыраушысы болған.
Сотталғандардың туыстары айыптау үкімінің үстінен апелляциялық сотқа шағымданатындарын айтып жатты. Олардың сөзінше, сот процесі ең басты мәселені – кедендегі парақорлық мәселесін шешкен жоқ.
«Қорғас ісі» бойынша сотталғандардың тізімі
Мақаланы аударған - Әзина Мақұлжан.