Accessibility links

Қырғыз билігі мешіттерді бақылайды


Жұма намазына жиналған жамағат. Бішкек, 9 сәуір 2010 жыл.
Жұма намазына жиналған жамағат. Бішкек, 9 сәуір 2010 жыл.

Қырғызстан елдегі мешіттерді сыбайлас жемқорлықтан, діни сауатсыздық пен экстремизмнен тазалау шараларын қолға алмақшы. Елдегі реформаларға сәйкес, әсіресе оңтүстікте бөлінуге немесе бірігуге ұйытқы болып отырған діни мекемелердің бәрі орталықтың бақылауына көшеді.


Азат Еуропа/Азаттық радиосының тілшісі Ош қаласына барып, мұсылман қауымымен және дінбасылармен кездесіп қайтқан еді. Оштағы «Алай» орталық мешітіне біраз жұрт жиналған. Бірақ кезінде осы өңірдегі қырғыз бен өзбекке ортақ мешітке қазір бірнеше өзбек қана келетін болған.

Бұған өткен жылдың маусым айында аймақта болған этникалық қанды қақтығыс себеп болуы мүмкін. Бірақ 50 жастағы этникалық өзбек Бахадыр Тажибаев Алай мешітіндегі өзбектер санының азаюын басқа мәселемен байланыстырады:

– Олардың көбісі кетіп қалды. Біразы басқа елге қоныс аударды. Олар
Ош қаласындағы орталық мешіт. 20 желтоқсан 2010 жыл.
Ресейге жұмыс іздеп кетті. Қақтығыс болғаннан бері бұл жерде онша жұмыс жоқ. Сондықтан көбісі кетіп жатыр, – дейді Бахадыр Тажибаев.

Тажибаев өзінің өзбек ағайындары экономикалық жағдайы қалпына келе бастаған Ошқа қайта оралады деген сенімін білдіреді. Ол сол кезде елге оралған өзбектер қырғыз көршілерімен бірдей қайтадан мешітке келер деп отыр:

– Мұсылмандар бір-бірімен ешқашан да жанжалдасқан емес. Тіпті. Оштағы оқиға болған кезде де біз ондайға барған жоқпыз. Исламды ұстанатын мұсылмандар бірге болдық.

Халқының 85 пайызы мұсылман Қырғызстанда 2010 жылдың жазында жергілікті этникалық өзбектер мен қырғыздарды екіге жарған Оштағы қанды қақтығыстан кейін мұсылмандардың көпшілігі мешітті бітімге келетін, келісім, татулық орны деп біледі.

Мешіттердің біразында екі ұлт өкілдерінің бастарын қосып, төзімділік пен шыдамдылыққа, бір-бірін құрметтеуге шақырған арнайы уағыздар айтылады.

ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМНЕН САҚТАНУ

Бірақ мешіттер былтырғы маусым оқиғасы сияқты жайт болса, экстремистік топтар жиналатын орындар болуы мүмкін деген күдікке байланысты бұдан былай бақылауға алынады.

Бішкекте ресми билік жуықта болған жарылыстар мен кейбір шабуылдарға (олардың қатарында 4 қаңтардағы кісі өлімі болған атыстар да бар) кінәлі ретінде діни экстремистерді айыптаған болатын. Қырғызстанның ішкі істер министрі Зарылбек Рысалиев «бұл соғыста жаулар діни наным-сенімдегі адамның бетпердесін киіп алған» деді.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Марат Иманкулов «қазіргі кезде Қырғызстанға төніп тұрған бірден-бір қауіп – Орталық Азияда Ислам
Осы үйге жасырынған «діни экстремистер» деген күдікке ілінгендер мен құқық қызметкерлері арасында болған атыс салдарынан бірнеше адам мерт болды. Арашан ауылы, Қырғызстан, 5 қаңтар 2011 жыл.
халифатын құруға үндейтін «Хизб-ут Тахрир» сияқты топтардың діни экстремизмі» деген болатын.

«Хизб-ут Тахрир» Қырғызстанға 1990 жылдардың аяқ кезінде Өзбекстан мен Тәжікстан жақтан сыналап енген. Бұл ұйымға Қырғызстан мен Орталық Азияның басқа елдерінде тыйым салынған.

Иманкулов оңтүстіктегі мұндай исламистік топтардың ықпалы артуына мешіттердің көмегі болды дейді.

– Басында бұл «Хизб-ут Тахрир» ұйымына тартылғандардың көбісі жас өзбек жігіттері болғаны есімде. Себебі олар дінге көбірек берілген, мешітке баратын. Бұл экстремистік ұйымдар осылардың соңынан жүрді. Олармен мешітте кездесіп, ислам құндылықтары жайлы көбірек үйретеміз деп, Құранды және ислам дінін үйрету үшін түнгі уақыттарда бір үйге жиналатын. Одан кейін экстремистік үгіттерін айтқан болуы керек. Көп адам экстремизмге осылай өтіп кетті.

Кейбір бақылаушылар Иманкулов сияқты билік өкілдерінің елдегі жағдайды бақылауға алу үшін діни экстремизмге баса назар аударып отырғанына қарсылық білдіреді. Адам құқын қорғаушы белсенділер қараша айындағы жарылысқа қатысты қамауға алынғандарға жалған айып тағылып, оларды азаптап, кінәні мойындатқан деп отыр.

Қырғыз билігінің елдегі діни мекемелерден бастап, имамдар білімін қайта бағалау, мешіт-медреселер жұмысын жіті тексеріп отыру шешіміне сын айтушылар да табылып жатыр. Бішкектегі дін, заң және саясат мәселелері жөніндегі орталықтың жетекшісі Қадыр Маликов «қазіргі өзгерістер Қырғызстанның демократиялық негіздеріне келеді әрі тек экстремизммен күресіп қана қоймай, елдегі ислам діні құрылымдарындағы коррупцияны, діни сауатсыздықты жоюға бағытталған» дейді.

– Көп жағдайда мешіт әкімшілігіне келген адамдар діни білімі төмен сауатсыз имамдар болды. Экстремистік топтармен қатысы бар имамдар болды деуге де болады. Енді қазір мүфтилік имамдарды қайта оқыту үшін жауапкершілікті мойнына алып отыр. Бұл тұрғыда имамдардың білімін тексеретін сынақтар, курстар өтеді, – дейді Қадыр Маликов.

Ош облысы діни басқармасының жетекшісі Сүйін қажы Калыков - аймақтағы 720 мешіт пен 16 медресені тексеріп, бақылауда ұстауға жауапты адам. Ол «қазіргі кезде экстремистерді мешітке жолатпау оңай емес» деп отыр.
XS
SM
MD
LG