Дәулет Естебаевтың сүйегі көшедегі арыққа қалайтын, қатар-қатар жиналған науалардың арасынан табылды. Марқұм сәуірдің 5-інде ауыл зиратына жерленді.
Ауыл тұрғындары ол кісінің қазасына байланысты сан алуан долбар айтады. Бірақ бәрі «Дәулет марқұм жақсы адам болып еді» дегенге тоқтайды.
– Оны баяғыдан танитынмын. Совет одағы кезінде комсомолда қызмет еткен, ауылымыздың прорабы болған. Одақ тараған соң әкімшілікте жетекші маман болған. Былтырғы елге мәлім қайғылы оқиғадан соң осындай жағдайға жолықтық. Ауылымыз ауыр қайғыға душар болды. Кеше ғана арамызда аман-есен жүрген еді. Сондай адамнан айрылып қалдық, – деді Қызылағаш тұрғыны Өмірбек Әбішев Азаттық тілшісімен сөйлескенде.
Марқұммен бір сыныпта оқыған Бижамал Жолдыбаева да Дәулет Естебаевтың жанашыр, қайырымды, ақкөңіл адам болғанын айтады.
Қазір Қызылағашта «әкімнің көмекшісін үйлерді бөлу мен жекешелендіруге байланысты дау-дамайдың кесірінен өлтіріпті» деген қауесет кезіп жүр. Енді бірі «бөгет жарылған кезде қаза тапқан адамдардың туыстары кек алған шығар, өйткені ол былтырғы су тасқыны кезінде мемлекеттік қызметкерге лайық бола алмапты» дегенді айтады. Дәулет Естебаев ол кезде Қызылағаштың бұрынғы әкімі, қазір сотталған Есет Жүнісовтің орынбасары болған еді.
«Оның ажалына жаңадан салынған үйлерді жекешелендіру кезінде наразы болған біреулер кінәлі. Ол үйлердің негізгі құжаттары Дәулет Естебаевтың қолында болған» деген болжам да айтылды.
Қызылағаш ауылының әкімі Сәулеш Әмитова өз көмекшісін қызметіне бола өлтірді дегенді жоққа шығарады. Бірақ «кісі қолынан кетуі мүмкін» дегенді терістей алмайды.
– Талай жұртпен сөйлесетін. Бәрін байқай алмаймын ғой. Міндетіміз де бөлек болатын. Ол жаңа салынған үйлерді жекешелендіру мәселесімен айналысатын. 136 құжатты рәсімдеп қойған. Даулы үй – біреу ғана. Оған бола өлтіруі мүмкін емес, – дейді ауыл әкімі Сәулеш Әмитова.
Қазір Қызылағашта жедел тергеу тобы тексеру жүргізіп жатыр. Соттық-медициналық сараптама жасалды. Алдын-ала тексеру нәтижесі бойынша, Дәулет Естебаев бас сүйегі (қарағұсы) ойылып, содан көз жұмған. «Жай жығылғанда мұндай ауыр соққы алмауы керек» дейді ауыл тұрғындары.
Алматы облыстық ішкі істер департаменті Қызылағаш тұрғындарының болжамдарын растаған да жоқ, теріске де шығармады.
– Бұл оқиғаға байланысты Ақсу аудандық ішкі істер бөлімі және Ішкі істер департаменті қызметкерлерінен тергеу тобы құрылды. Оқиғаға байланысты 103-баптың 3-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Әзірше анықталып жатыр. Таяу маңда ашатын шығармыз, – деді Алматы облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Көбейхан Нұрахмет Азаттық радиосына.
«Қызылағаш тыныш ауыл емес» дейді полицейлер. Қазір ауыл тұрғындары үрейленіп отыр. Тіпті, ауыл әкімі Сәулеш Әмитова да қорқады. Әкімнің айтуынша, оған беймәлім біреулер ылғи телефон арқылы қоқан-лоқы көрсетіп, хат жаза береді екен.