Accessibility links

110 жастағы әжей Қазақстан азаматтығын алды


110 жастағы Қызылгүл Боранбаеваның жаңа құжаты. Алматы, 29 маусым 2012 жыл.
110 жастағы Қызылгүл Боранбаеваның жаңа құжаты. Алматы, 29 маусым 2012 жыл.

Қызылордада тұратын 110 жастағы Қызылгүл Боранбаеваның келіні Әсемгүл Боранбаеваның айтуынша, әжей Қазақстан азаматы атанғанына қуанып отыр.

«АЗАМАТТЫҒЫН ӘКЕП БЕРДІ»

– Біз көші-қон мекемесіне азаматтық алуға екі-үш рет құжат тапсырған болатынбыз. Бірақ азаматтығын ала алмады. Тұрақты тіркеуге тұрғаны жайлы құжаты бар болған. Енді өздері келіп суретке түсіріп, азаматтығын әкеліп берді, – дейді Әсемгүл Боранбаева.

Қызылгүл апа сталиндік репрессия жылдары отбасымен бірге қазақ жерінен Өзбекстанға көшкен. Бұл әулет Қазақстанға 70 жылдай уақыт өткенде, осыдан сегіз жыл бұрын қайта оралған.

Қызылгүл Боранбаеваның жаңа құжатындағы аты-жөні - Кизил-куль Барамбаева.

«СҰРАЛМАЙТЫН АНЫҚТАМА»

Боранбаевтар отбасы Қызылгүл әжейдің азаматтығын 2004 жылдан бері күтіп жүргенін айтқан еді. Келіні Әсемгүлдің сөзіне қарағанда, «Қызылгүл апа Қазақстан азаматтығын алу үшін Қызылорда облысы бойынша ішкі істер басқармасы көші-қон полициясына үш рет құжат жібергенімен, нақты жауап берілмеген».

Алайда Қызылорда облыстық ішкі істер басқармасы көші-қон полициясының аға инспекторы, полиция капитаны Ерлан Теңізқұлов өзі қызмет жасаған үш жылдың
110 жасқа келген қарт ана Қызылгүл Боранбаева (оң жақта) мен келіні Әсемгүл. Қызылорда, Тасбөгет кенті, 10 қаңтар 2012 жыл. (Сурет жеке мұрағаттан алынған).
110 жасқа келген қарт ана Қызылгүл Боранбаева (оң жақта) мен келіні Әсемгүл. Қызылорда, Тасбөгет кенті, 10 қаңтар 2012 жыл. (Сурет жеке мұрағаттан алынған).
ішінде Қызылгүл Боранбаева деген кісінің атынан азаматтық алуға арыз түспегенін айтқан.

– 2011 жылдың 16 тамызында қабылданған заңға сәйкес кез келген азамат азаматтықтан өзі шығып келмесе, біз оған азаматтық бере алмаймыз. Өзбекстан елшілігінен «азаматтықтан шықты» деген анықтама қажет. Заң қабылданғанға дейін де Қызылгүл Боранбаева менің алдыма азаматтық алу туралы өтінішпен келген емес, – деген еді Ерлан Теңізқұлов биыл мамыр айының 11-інде Азаттық тілшісіне.

Бірақ Алматы қаласы көші-қон полиция басқармасы қызметкерінің айтуынша, 2012 жылы сәуір айының 27-сі күні Қазақстан республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілген. Бұл өзгерістерге сәйкес Қазақстан азаматтығын алуда «азаматтықтан шықты» деген анықтама оралмандардан талап етілмейді.
XS
SM
MD
LG