"7 километр жердегі мектеп" оқушылары
Әйтеке би кентіндегі 500-ден астам оқушы мектептен қалып қоймауы үшін таң бозынан автобус аялдамаларына асығуға мәжбүр. Себебі әкімдіктен бөлінген екі "ПАЗ" автобусы жеті шақырым жерде жаңадан салынған 170-мектепке балаларды уақытылы жеткізіп үлгермей жатады. Азаттық тілшісі мектеп оқушыларымен жаңа мектепке дейін барып көрді. Қызылорда облысы Қазалы ауданы, 18 қазан 2014 жыл.