Accessibility links

Апострофты әліпбиге қалай қарайсыз?


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы жарлық шығарды. AzattyqLIVE әліпбидің жаңа нұсқасын тіл маманы Құралай Күдериновамен талқылады.

Қазақстан президентінің ресми сайтында Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» жарлығы 2017 жылы қазан айының 27-сі күні жарияланды.

Осыған байланысты үкіметке қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру бойынша Ұлттық комиссия құрып, 2025 жылға дейін жаңа әліпбиге кезең-кезеңмен көшуді қамтамасыз ету және жарлықты іске асырудың басқа да шараларын жасау тапсырылды. Қазақ әліпбиінің латын графикасындағы бекітілген нұсқасында қазақ тіліне тән кейбір дыбыстарды апостроф (дәйекше) арқылы белгілеу ұсынылған. Жарлықтың орындалуын президент әкімшілігі қадағаламақ.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазанның 26-сы күні президент әкімшілігі жетекшісі Әділбек Жақсыбеков пен оның орынбасары Марат Тәжинді қабылдаған кезінде әліпбиді бекіту туралы жарлық дайындауды тапсырып, "Соңғы нұсқа жарияланды. Ғалымдар, тілтанушылар, саясаткерлер, жастар, Қазақстан халқы ассамблеясы өкілдерінің арасында консенсус жасалды. Жалпы, қоғам қолдайды" деп мәлімдеді. Ал әлеуметтік желілерде әліпбидің соңғы нұсқасын сынаушылар тағы көбейіп тұр.

Бұған дейін, яғни қыркүйек айында Қазақстан парламентінде латын графикасындағы әліпбидің диграфты (қосарланған әріптер - ред.) нұсқасы таныстырылып, ол жаппай сынға ұшыраған еді. Бүгінгі хабарға қатысатын лингвист Құралай Күдеринова да диграфты әліпбиге қатысты пікір айтқан болатын:

"Бұл әліпбидің ең тиімсіз, сорақы нұсқасы еді"
please wait

No media source currently available

0:00 0:04:25 0:00

Мұнан кейін билік одан бас тартып, бір айдан соң әліпбидің басқа нұсқасы бекітілді.

Оқи отырыңыз: Диграфты латынша әліпбиді сынау күшейді​

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев латын әліпбиіне көшу үрдісі "орыс тілді тұрғындардың, орыс тілі мен басқа да тілдердің құқығына" тимейтінін бірнеше рет айтқан.

AzattyqLIVE әліпбидің жаңа нұсқасын тіл маманы Құралай Күдериновамен талқылады:

  • 16x9 Image

    Қасым АМАНЖОЛ

    Қасым Аманжол – Азаттық радиосының тв-продюсері. 1977 жылы Шығыс Қазақстан облысында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін, Жүргенов атындағы Өнер академиясының кино және телевидение факультетін аяқтаған. 20 жылдан астам Қазақстанның телевизия саласында істеп келеді. Авторлық бағдарламалардың, деректі фильмдердің авторы. «Шынның жүзі» сұхбаттар циклын, «Анық Абай» деректі сериалын, саясаткер Алтынбек Сәрсенбайұлы жайлы фильмдерді, 2014 жылы Шығыс Украинадағы соғыс пен Қырым туралы фильмдер түсірген. 2015 жылдан бері Азаттықта тікелей эфирлер жүргізіп, тележобалар жасайды. Телетоптың жұмысына продюсерлік істейді.

XS
SM
MD
LG