Ресми мәлімет бойынша, Шығыс Қазақстанда ядролық отын банкін (ЯОБ) салуға осы аймақтағы жоғары сейсмикалық жағдай кедергі болған.
«ТЕКСЕРІСТЕН ӨТПЕЙ ҚАЛДЫҚ»
Ақпанның 26-сы күні Азаттық тілшісіне түсініктеме берген Шығыс Қазақстан облысы қоғамдық кеңесінің жетекшісі Владимир Лопаткин:
- Бірнеше ай бұрын МАГАТЭ мамандары келіп, біздің аймақтың тектоникалық плитасының құрылым картасын тексеріп, «сейсмикалық тұрақсыз аймақта» екенімізді айтты. Олар біздегі геологиялық құжаттардың барлығына сараптама жасай отырып осындай шешімге келді, - деді.
Оған қоса «Үлбі» металлургиялық зауытының (ҮМЗ) басшылығы аз байытылған уранды сақтау үшін өз қоймаларын кеңейтуге келіспеген.
Ал эколог «Қазақстанның кең байтақ даласы мен пайда қазбаларын пайдаланбау – үлкен қателік» дейді.
- Бізде Семей өңірінде 2 миллион гектар жер бос жатыр. Бұл - Германияның жартысындай аймақ. Тектоникалық плиталардың күш-қуаты әлсіреген. Әрине, әлі де зияны бар - мәселен ол жерде мал жаюға болмайды. Бірақ бос жатқан жерді пайдалану керек. Мәселен, Курчатовта мықты атом электр станциясын салуға болады. Бізде әлемдегі уранның 20 пайызы бар. Неге соны қазып, қайта өңдеп, өнім шығарып, шет елге сатпасқа? Одан басқа ұрпағымызға не керек? – деді Владимир Лопаткин Азаттық тілшісіне.
Азаттық радиосы бұл мәселе бойынша МАГАТЭ ұйымына хабарласып, Владимир Лопаткиннің мәлімдемесіне қатысты комментарий сұраған еді. Ұйымның ресми өкілі Гилл Тюдор ақпанның 26-сы күнгі жазбаша жауабында былай деді:
"МАГАТЭ Қазақстанда ядролық отын банкін салу туралы агенттік пен жергілікті үкімет арасында жүріп жатқан келіссөздер туралы БАҚ репортаждарынан хабардар. Жалғасып жатқан келіссөздер келісім-шарттың детальдарын анықтау үшін техникалық деңгейде өтіп жатыр. МАГАТЭ Қазақстаннан [ЯОБ салатын] орын бойынша бас тарту туралы хабар алған жоқ. Агенттіктің өзі де бұл ұсыныстан бас тартқан жоқ".
ҮМІТ ПЕН КҮДІК
Өскемендегі ЯОБ "салынбайтыны жайлы" әлеуметтік желіде алғашқылардың бірі болып «Руханият» жасылдар партиясының экс-төрағасы Серікжан Мәмбеталин сөз қозғады.
«Сүйінші! Үкімет Өскемендегі ядролық отын банкін орнатудан бас тартты!» деп жазған ол, бұл мәселеге қатысты «үндеулері мен пикеттерінің еш кетпегенін» айтады.
Бірақ Өскеменге қатысты шешім «Қазақстанда ЯОБ-нің болмайтынын білдіре ме?» деген Facebook-тағы сауалға Мәмбеталин: «Кепілдік жоқ, дегенмен Өскеменде, нақтырақ ҮМЗ-де осыған ыңғайлы жалғыз алаң болатын» деп жауап береді.
Қазақстанда ЯОБ салынуына қарсылардың бірі «Ар.Рух.Хақ.» ұйымының жетекшісі Бақытжан Төреғожина да бұл хабарға сенімсіздікпен қарайды.
- Біріншіден, мен әлі ресми ақпаратты көрген жоқпын. Екіншіден, осы күндері МАГАТЭ өкілдерімен кездесу өтуі керек. Сондықтан әзірге бұл қуантарлық жаңалыққа сенімсіздікпен қарап отырмын. Ал жалпы, өкінішке қарай, біздің биліктің ұстанымы – кез-келген жолмен табыс табу, - деді Бақытжан Төреғожина.
ЗИЯНЫ МЕН ПАЙДАСЫ
Бақытжан Төреғожинаның сөзінше, ЯОБ-нің Қазақстанға пайдасынан зияны көп.
- Жемқорлыққа батқан биліктің заманында ЯОБ салуға мүлдем болмайды. Өйткені Қазақстанда ешкім ешнәрсеге кепіл бола алмайды. Мәселен, осыдан 10 жыл бұрын бізде сынап пен басқа да сирек металдардың заңсыз сатылғаны, тіпті Балқаштың маңындағы өртенген қару-жарақ қоймасында болған қарулар да сатылымға түскені анықталған болатын, - деді ол.
Қоғамдық белсенді «әлемдік атом энергетикасын дамытуды қолдау мақсатында жасап жатырмыз деген бұл жобаның экологиялық зардабына» назар аударады.
- Қазақстан ядролық отынды өндіріп, шет елге шығарсын делік, ал содан кейін сол пайдаланған отын қайда жиналып, қайда жіберіледі? Келісім бойынша ол отын шығарылған жеріне, яғни Қазақстанға қайтарылады. Міне, дәл осы мәселе әлі күнге дейін ашық айтылмайды. Билік бізге өзіне тиімді жағын айтады да, екінші жағына қатысты аузын ашпайды, - дейді Бақытжан Төреғожина.
Бұған қатысты эколог Владимир Лопаткин «радиоактивтік қалдықтарды жоятын арнайы жүйелердің бар екенін» айтады.
Қазақстанның ұлттық ядролық орталығы мамандарының түсіндіруінше, ядролық қалдықтарды сақтау қоймасы мен ядролық отын банкі - екі бөлек дүние. Олар әр түрлі материалмен жұмыс істейді. Мамандардың сөзінше, «банкте «су жаңа», яғни сәулеленбеген ядролық отынды сақтау көзделген. Сондықтан оның қауіптілік деңгейі біздің елімізде көп мөлшерде өндіріліп жатқан уранның қаупінен жоғары емес».
ЯОБ – Атом қуаты жөніндегі халықаралық агенттіктің (МАГАТЭ) қолдауымен атқарылатын халықаралық жоба. Жобаның басты мақсаттары - әлемдік атом энергетикасын дамытуды қолдау мен ядролық қаруды таратпау келісімін нығайту.
ЯОБ құрушы оператор ретінде бірнеше мемлекет, оның ішінде АҚШ, Ресей мен Германия тілек білдірген. Қазақстан өз кандидатурасын 2010 жылы ұсынған. МАГАТЭ Қазақстан ұсынған екі нысан - ҮМЗ мен Семей полигонының 5-алаңын зерттеп, ҮМЗ-ні қарастырып көріп жатқан.
Қазақстан ядролық отын сақтауға келіскен кезде Азаттық тілшісі түсірген видеоны мына жерден көре аласыз:

МАГАТЭ Қазақстаннан [ядролық отын банкін салатын] орын бойынша бас тарту туралы хабар алған жоқ. Агенттіктің өзі де бұл ұсыныстан бас тартқан жоқ.