Жақында алғашқы саны оқырман қолына тиген «Алтын тамыр» журналы да әдеби-танымдық басылым болып жарық көрді. Ақпарат кеңістігіне жол алған басылымның басты бағыты мен ұстанар негізі — советтер заманында цензурадан қақпай көріп жарық көрмей қалған шығармалар мен ұлт тарихындағы қазаққа есімі ғана таныс болғанмен, шынайы тағдыры мен күрескерлігі етене таныс емес тұлғалар өмірі туралы кең көлемді дүниелер жариялау екенін «Алтын тамыр» журналының бас редакторы, ақын Несіпбек Айтұлы әңгімеледі
— Кеңес өкіметі кезінде әдеби басылымдар санаулы болғанмен олардың таралымы өте үлкен болатын. Оның сыртында ақын-жазушылардың кітаптары бірнеше мыңдаған данамен жарық көріп жатты. Қазір оның бәрі қол жетпестей дүниеге айналды. Кітаптар екі-үш мың данадан аспайды. Қаламақы берілмейді. Осы айтып отырған көркем әдеби кітаптардың орнын мысқалдай болса да толтырамыз ба деген оймен «Алтын тамыр» журналын шығара бастадық. Журналда жастар шығармашылығына да орын берілген. Сондай-ақ, қоғамда болып жатқан оқыс оқиғалар мен қайшылықты жағдайларды да назардан тыс қалдырмаймыз деген ойдамыз.
Алайда, әлемдік дағдарыстың салқыны әдеби басылымдарға да келіп жеткендей. Оның бір дәлелі Қазақстан Жазушылар одағының жанынан төрт жыл қатарынан жарық көріп келген «Әдебиет айдыны» апталық газеті жұмысын тоқтатты.
Болат Шарахымбай, «Әдебиет айдыны» газеті бас редакторының орынбасары:
— Дүниенің алқымынан қысып келе жатқан дағдарыс бізге де жетті. Газет жабылды. Басшыларымыз қаржының тапшылығына байланысты екі бірдей әдеби газет шығара алмаймыз. Жағдай оңалса, бәлкім қайта шығарармыз деген түсіндірме сөз айтты. Жалпы әдеби басылымдар, құдайға шүкір, баршылық қой. Бірақ бәрібір сол жазған дүниеңе олар да қаламақы төлей алмайды. Жазушының еңбегі бағаланбай келеді. Біздің қоғамда ой еңбегінің құны жоқ. Міне, 17 жыл болды, үкімет қаламақы мәселесін жүйелі жолға салып, біржақты шеше алмай отыр.
Кеңес дәуіріндегі әдеби басылым арқылы көптеген талантты ақын-жазушылар елге танылып, қарымды да қабырғалы қаламгерлерге айналғаны рас. Бүгінгі қазақ әдебиеті классиктерінің бағындырған биігіне сол кездегі әдеби басылымдардың да үлкен әсері болғаны анық. Ал бүгінгі әдеби басылымдардың жастар шығармашылығын насихаттап, оларды халыққа жеткізудегі рөлі қаншалықты болып отырғанын жас ақын Тоқтарәлі Таңжарықтың сөзінен аңғаруға болады:
— Жүйелі түрде жастар әдебиетін жариялап, насихаттап отырған бірде-бір басылым жоқ. Әрине, айында, жылында бір-екі мәрте береді. Мұның басты себебі, осы басылымдардың басында отырған адамдардың жастар әдебиетін менсінбеушілігі және «менен кейін әдебиет болмайды» деген менмен көзқарастары мен марғаулықтарынан деп түсінем. Әдебиетті мәңгілік деп қарастырсақ, бізден кейін де жастар келеді. Солайша буын алмасып, әдебиет өмір сүре бермек. Ал бүгінгі жас қаламгерлерге насихат ауадай қажет. Ең әуелі осыны ойлауымыз қажет.
«Әдеби басылым өзге басылымдардан ерекше болуы тиіс. Оның ерекшелігі ұлтқа, ұлттың жанына, ұлттың құбылысына өте сергек қарап, соған үңіліп кейбір құбылыстардың себеп – салдарына талдау жасайтын басылым болуы тиіс. Кейінгі кездері қыз-жігіттердің тым батысшылданып, соған алданып ұлттық әдебиеттің топырағынан ажырап бара жатқаны байқалады. Бірақ біз бәрібір ұлттық әдебиеттің қалыптасқан соқпағына ораламыз.
Негізгі басты нәрсе: Шәкәрімнің «Біз қайдан шықтық, қайда барамыз?» деген өте маңызды сұрақтары төңірегінде әдеби басылымдар жазуы керек. Ойлануы керек. Бірақ халық әдеби басылымдарға мейірімді болуы аса қажет. Жұрт әдеби басылымдарды іздеп жүріп оқымайтын болса, онда біздің рухани әлеміміздің, тіпті біздің ұлт ретінде көгеріп кетуіміз екіталай» - деп ой қорытты, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы, жазушы Жұмабай Шаштайұлы.