Accessibility links

Металлургтер мен шахтерлер өтемақыға әрең жетті


"АрселорМиттал Темиртау" компаниясы ғимараттарының бірі.
"АрселорМиттал Темиртау" компаниясы ғимараттарының бірі.

«АрселорМиттар Теміртау» компаниясының өндірісте жарақат алып, кәсіби дертке шалдыққан шахтерлері мен кеншілері заңда қарастырылған өтемақыны былтырдан күтіп жүр. Жұмысшылар шағымынан кейін жұмыс беруші «жауапкершілікті мойнына» алатынын мәлімдеген.

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясының әр жылдары өндірістік жарақат алған немесе кәсіби дертке шалдыққан және жұмысқа жарамдылығы 5 және 29 пайыз аралығында кеміді деп танылған қызметкерлері бұрын өтемақыны сақтандыру компаниясынан алып жүрген. Бірақ 2015 жылғы мамырдың 10-ынан бастап «Жұмысшыны жазатайым жағдайдан міндетті сақтандыру туралы» заң күшіне енгеннен кейін өздерін «регрессниктер» деп атайтын бұл адамдар тиісті төлемнен қағылған. Жағдай кәсіподақтар мен жұмыскерлердің билікке шағымынан кейін өзгерді.

ЕҢБЕК ЕТУ ҚАБІЛЕТІ 29 ПАЙЫЗҒА КЕМІГЕН

Қарағанды облысы Шахтинск қаласында тұратын 62 жастағы Анатолий Подольский - өтемақысын бір жылдай ала алмағандардың бірі. Бұл – кәсіби жұмысқа жарамдылығынан айырылу дәрежесіне байланысты жұмысшыға зиян келтірілген кезде ай сайын төленуі тиіс жалақысы. 2011 жылы Подольскийдің кәсіби дертке шалдыққанын анықтап, жұмысқа жарамдылығы 29 пайызға кеміген деп танылған. Регрессниктің айтуынша, денсаулығын оңалтуға кеткен шығынды өтеу үшін әуелі шахта бір мәрте төлеген. Кейін сақтандыру компаниясы да бір реттік төлем жасауы тиіс болған. Бұған қоса, оған ай сайын жоғалтқан жалақысы төленуі тиіс.

"АрселорМиттал Темиртау" компаниясының болат қорыту цехы.
"АрселорМиттал Темиртау" компаниясының болат қорыту цехы.

- Бірақ 2012-2013 жылдары маған төлеген жоқ. Ақыры сотқа жүгінуге мәжбүр болып, оны жеңіп шықтым, сот сақтандыру компаниясын бүкіл қарызын - бір реттік және ай сайынғы өтемақыға айыпақыны қоса төлеуге міндеттеді. Ал 2015 жылы төлеуді тағы тоқтатты. Бізге заңға енгізілген өзгерістерге байланысты, сақтандыру компаниясы төлеуден бас тартты деп түсіндірді. Биылғы сәуірдің 12-сінен бастап қана төлей бастады. Есеп-шотыма шамамен 730 мыңдай теңге түскенін хабарлаған СМС келді. Бұл соманы қателесіп аударып, кейін артық төленді деп жүрмес үшін бірер күнде білуге барамын, - дейді регрессник Анатолий Подольский Азаттыққа.

Оның жер астында жұмыс істеген стажы - 42 жыл. Анатолий Подольский көп жыл «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы шахтасында үңгуші болып жұмыс істеген. Зиянды әрі қауіпті жағдайда жылдар бойы жұмыс істеп, өкпенің созылмалы дерті мен шахтерлердің кәсіби дерті - бірінші дәрежелі есту мүкістігіне шалдыққан. Қазір Анатолий Подольский Шахтинск қаласындағы Ленин атындағы шахтаның технологиялық кешені учаскесі бастығы болып жұмыс істейді. Енді Подольский «Зейнет жасына жеткен регрессниктерге өтемақы төлене ме?» деп уайымдайды.

- Зейнет демалысындағы кей регрессниктер бастамашыл топ құрып, зейнетке шыққан регрессниктерге неге өтемақы төлемейтінін, жалпы оларға төлене ме, жоқ па – соны білу үшін Астанаға барғанын білемін. Биыл қазанда 63-ке толамын, сондықтан бұл сұрақ мені де мазалайды, - дейді Анатолий Подольский.

Бізге заңға енгізілген өзгерістерге байланысты, сақтандыру компаниясы төлеуден бас тартты деп түсіндірді. Биылғы сәуірдің 12-сінен бастап қана төлей бастады.

Жұмыс беруші есеп-шотына өтемақы ақшасын аударғанын Азаттыққа тағы бір регрессник Василий Т. (аты-жөнін көрсетпеуді сұрады) растады. Ол 2009 жылы «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы шахтасында жұмыс істеп жүргенде кәсіби дертке шалдыққан деп танылған. Жұмысқа жарамдылығы 29 пайызға кеміген. Кейін оған медициналық көрсеткіштері бойынша жер астында жұмыс істеуге тыйым салған, сондықтан ол қазір жер үстіндегі көмір департаменті жұмыстарын істеп жүр.

- Сақтандыру компаниясы 2015 жылға дейін төледі. Бірақ кейін төлемей қойды. Сонда регрессниктер бір жылдай өтемақы алған жоқпыз. Енді, міне сәуірдің 12-сі ақшамды ақыры аударды. Есеп-шотыма түскен 296 мың теңгені алдым, бұл алты айдың өтемақысы. Бөлгенде, айына 49 мыңдай шығады. Маған осынша өтемақы белгілепті. Бұл көп пе, аз ба - оны білмеймін, - дейді тиісті өтемақысын билік «еркіне жіберген» теңге бір жылда долларға шаққандағы құнының 80 пайызын жоғалтып, ал тауарлар айтарлықтай қымбаттағаннан кейін барып алған Василий Т.

Қарағанды қаласында Қарағанды облысы билігі мен компания өкілдерінің қатысуымен өткен жуырдағы жиналыста «АрселорМиттал Теміртау» компаниясында 691 регрессник өтемақы алуы тиіс екені айтылды. Бұлар еңбек қабілетінің 29 пайызынан айырылған жандар. Оларға 2015 жылдың мамырынан 2016 жылғы наурыздың 31-іне дейін төленбей, жиналып қалған өтемақының қарызы - шамамен 60 миллион теңге.

ЖҰМЫС БЕРУШІНІҢ УӘДЕСІ

Ал «АрселорМиттал Теміртау» «өтемақыны төлеу міндетін компания өз мойнына» алады деп хабарлайды. Мұның себебі ретінде «сақтандыру компаниялары жұмысшыны өндірістегі жазатайым жағдайдан міндетті сақтандыру келісім-шартында қарастырылған міндеттемелерін орындаудан бас тартты» деген уәж келтіреді. Бірақ «АрселорМиттал Теміртау» сақтандыру компанияларын атамайды.

"АрселорМиттал Темиртау" компаниясының домна цехы жұмысшылары басқару пультінде отыр.
"АрселорМиттал Темиртау" компаниясының домна цехы жұмысшылары басқару пультінде отыр.

«АрселорМиттал Теміртау» таратқан баспасөз хабарламасында «АрселорМиттал Теміртау» ақшаны толық алған сақтандыру компанияларымен бұл мәселені үлестік жол арқылы бизнес ережелеріне сәйкес реттеуге тырысты. Бірақ ортақ түсіністікке қол жеткізе алмады. «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы өтемақыға қатысты жағдайдың күрделілігін түсініп, бүкіл төлемді өз мойнына алуды ұйғарды» деп хабарлайды.

Жұмыс беруші жиналып қалған өтемақы қарызды қысқа мерзім ішінде төлеуге уәде етеді. Азаттыққа өтемақыға қатысты жағдайға комментарий берген «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы өкілдері:

- Регрессниктердің ақшасын 2016 жылғы сәуірдің 12-сінен бастадық. Компания 179 регрессникке жалпы сомасы 48,2 миллион теңге аударды. Тиісті құжаттарын толық өткізгендердің бәріне төленді. Қазір сақтандыру компаниялары сақтандыру ақшасын төлеуден бас тартқан адамдардың құжаттарын қабылдап жатырмыз, енді бүкіл қарыз регрессниктердің құжаттарын өткізуіне байланысты төленеді, - деп түсіндірді.

Компания өкілдерінің айтуынша, өтемақы төлеуге қатысты жағдай былтыр заңға өзгеріс енгізілгеннен кейін ушыққан. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, «АрселорМиттал Теміртау» регрессниктерге төленетін ақшаны сақтандыру компанияларына аударып қойған, бірақ заңға өзгерістер енгізілуіне байланысты әлгі ақша регрессниктерге «жетпеген».

ЗЕЙНЕТКЕР РЕГРЕССНИК МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛГЕН ЖОҚ

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясының былтыр мамырдың 10-ынан бастап өтемақы алмаған жұмысшылары шағымдана бастаған соң регрессниктердің денсаулығына келтірілген зиянға өтемақы төлеу мәселесін металлургтердің «Жақтау» кәсіподағы мен кеншілердің «Қорғау» кәсіподағы қозғаған. Металлургтер кәсіподағы мемлекеттік еңбек инспекциясына, қалалық және облыстық прокуратураға және «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының бірыңғай заң орталығына арыз жолдаған.

- Жаңа заң бойынша, жұмыс беруші кәсіби жұмысқа жарамдылығынан айырылу дәрежесі 5-29 пайыз деп танылған жұмысшыға жоғалтқан жалақысы мен денсаулығына зақым келуіне байланысты тартқаншығындарын өтеуге міндетті. Заң 2015 жылы мамырдың 10-ы күні күшіне енген, - дейді металлургтердің «Жақтау» кәсіподағы төрағасының орынбасары Юрий Баранов Азаттыққа.

Кәсіподақ шенеуніктерден еңбек заңы қалай орындалып жатқанын тексеруді сұраған. Компанияда тексеру жүргізіліп, Қарағанды облысы басшылығымен кездесу өткізілген. Кейін ол кезде «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының бас директоры қызметін атқарған Виджай Махадеван «Еңбек міндеттерін орындау кезінде денсаулығына келген зиянды өтеу туралы» бұйрық шығарған.

"АрселорМиттал Темиртау" компаниясының бұрынғы бас директоры Виджай Махадеван.
"АрселорМиттал Темиртау" компаниясының бұрынғы бас директоры Виджай Махадеван.

- Құдайға шүкір, бұл мәселе шешілді. Облыс әкімі компания басшылығымен кездесті. Бұл шаруа бітті, енді жұмысқа жарамдылығы 5-29 пайызға кеміген адамдарға төлейтін болады. Бірақ 63 жастағы регрессниктерге қатысты мәселе шешілмей қалды, бірақ оны шешу үшін заңды тағы өзгерту керек. Ол адамдар 63 жастан кейін ауырған жоқ қой, сондықтан оларға да төленуі тиіс. Ал кім төлейтінінде регрессниктерді шаруасы жоқ. Негізі, жұмыс беруші төлеуі тиіс. Сондықтан үкімет деңгейінде заңды өзгертуді талап ету үшін Астанаға бармақпыз, - дейді кеншілердің «Қорғау» кәсіподағы төрағасы Марат Миргоязов Азаттыққа.

Регрессниктерге өтемақы төлеу проблемасы бойынша комиссия құрылып, ол «өтемақының әділ есептелуін» қадағалайтынын мәлімдеген. Бірақ металлургтердің «Жақтау» кәсіподағы төрағасының орынбасары Юрий Барановтың айтуынша, әлгі комиссия әлі жұмысқа кіріспеген.

XS
SM
MD
LG