Жұмысшылар аштық жариялады
Маңғыстау облысында мұнай саласында қызмет көрсететін Techno Trading LTD кәсіпорны жұмысшылары еңбек жағдайын жақсартуды талап етіп, қаңтардың 5-і күні мерзімсіз аштық акциясын бастады. Наразылар зиянды өндірісте атқаратын жұмыс үшін өздеріне тек сүт қана берілетінін айтады. Жұмысшылар аштық акциясын Мұнайлы ауданы Қызылтөбе ауылындағы "Мерей" қонақүйінде жалға алған бөлмеде өткізіп жатыр. Қазақстанда 2014 жылғы шілде айында қабылданған кәсіподақтар туралы заң жұмысшылардың жиын өткізу және бірлестікке бірігу құқықтарын елеулі түрде шектейді. Human Rights Watch ұйымы 2016 жылы қарашада Қазақстанда жұмысшылар құқығы бұзылып отырғанын сынаған.