ҚАЗАҚСТАНДА АЙМАҚТАРДЫҢ ДАМУ ЖАҒДАЙЫ МҮШКІЛ
Америкада жарық көретін «Бизнес уик» журналы таяуда Қазақстандағы әлеуметтік ахуалға шолу жасайтын мақала жариялаған болатын. Биылғы ақпан айында Солтүстік Қазақстандағы Степногор кентінде ұзақ жылдар жөндеуден өткізілмегендіктен тозып, пайдалануға жарамайтын күйге жеткен сумен жабдықтау жүйесінде болған апат салдарынан тұрғындар бір апта бойы су тапшылығының азабын тартты.
Совет заманында бұл қалаға бюджет тарапынан мол мөлшерде қаржы бөлінетін әрі кент «құпия» деген мәртебеге ие болатын – мұнда әлемдегі ең ірі биологиялық қару жасау зауыты орналасқан еді. Соңғы жылдары кент тұрғындары тұрмыс тауқыметін тартып келе жатыр, мұның бір себебі тұрғылықты азаматтар жұмыс істейтін жергілікті металлургиялық зауыттың жабылуынан да болды. Дегенмен, Степногордағы да, сонымен қатар бұл ұлан байтақ жерге ие елдің басқа да аймақтарындағы инфрақұрылымның күйреуінің басты себебі мұнда емес.
Жер ауқымы Батыс Еуропаның жер ауқымымен шамалас болатын Қазақстанда аймақтардың өзара тең деңгейде дамуын көздейтін
Астана мен Алматы тәрізді үлкен қалалар ғана шынында да тұрақты дамудың жемісін жеп, игілігін көріп отыр, ал аймақтар болса соңғы бірнеше жыл ішінде мемлекет бюджетіне қомақты көлемде пайда әкелген экономиканың қарқынды дамуынан өз үлесін алудан құр қалды.
Еуропаның қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) 2006 жылы жарық көрген құжатында, елдегі байлар мен кедейлердің өмір сүру деңгейінде үлкен айырмашылық бар екені айтылған. Медициналық қызмет көрсету мен канализация, таза сумен қамтамасыз етілу, орталық жылу беру жүйесін пайдалану тәрізді басты инфрақұрылымдық қызмет түрлеріне қол жеткізу дәрежесінде де осындай үлкен айырмашылық байқалған.
Ұлттық байлықтың негізгі бөлігін елдің батысындағы мұнай мен газ өндіретін және елдің орталық әрі шығыс бөліктеріндегі минерал шикізатын өндіретін бірқатар басқа да кәсіпорындар құрайды. Бұл компаниялар Ұлттық қорға құйылатын салықты төлеуге міндетті, осы арқылы мемлекеттік бюджет кірісінің басты бөлігі қалыптасып отыр. Ал жергілікті бюджеттер болса негізінен жеке табыс салықтары мен орталық мемлекеттік бюджеттен келетін ауқымды мөлшердегі трансферттер есебінен қалыптастырылады, бұл қаражат даму бағдарламалары мен әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін қаржыландыруға жұмсалады.
Бұл жүйе жергілікті билік орындарына қорларды қайда жұмсау мәселесіне қатысты мардымсыз еркіндік береді, осы себептен олар Астанадағы орталық билікке өте тәуелді болып қалып отыр. Қазақстандағы «Сорос» атындағы қор қаржыландырып отырған «Бюджет ашықтығы мен жауапкершілігі» бағдарламасының менеджері Жәнібек Хасанның айтуынша, бүгінде орталықтан бөлінетін қаржы трансферті орташа есеппен алғанда жергілікті бюджеттер көлемінің 56 пайызын жауып келеді.
АЙМАҚТАРДЫҢ БОЛАШАҒЫ БҰЛЫҢҒЫР
Орталық бюджеттен бөлінетін қаржы жолындағы бәсекелестік күресте Алматы мен Астана өзінің артықшылық мәртебесін сақтап қалып отыр. Қаржы министрлігінің мәліметіне қарағанда, 2008 жылы Астана ел бюджетінен 1,6 миллиард доллар қаржылай көмек алған, алайда оның бюджетке кері төлеген төлемі небәрі 80 миллион доллар шамасында ғана болыпты.
Керісінше, тұрғынының саны бұдан екі еседей артық әрі әлдеқайда ауқымды инфрақұрылымы бар Алматы бюджеттен небәрі 750 миллион доллар ғана ала алған. Қала мен ауыл арасындағы алшақтық болашақта бұдан да артуы мүмкін, себебі Алматы мен Астананы бетке ұстаған үлкен көші белең алуда, өйткені қалада олардың қолы республиканың минерал қорларын экспорттаудан келіп жатқан шаш – етек байлықтан өз үлесін алуға еркінірек жетпек.
Аймақ тұрғындарының көбісі аталған екі қалаға көшіп те алды. Осының нәтижесінде Алматы тұрғынының саны екі миллионға жуықтады. Ұлттық статистика жөніндегі агенттіктің болжамына қарағанда, 2010 жылы Астана тұрғындарының саны миллионға жетпек екен. Бұл инвестиция, экономика ауқымы мен инфрақұрылым дамуы тұрғысынан алғанда аймақтар мүмкіндігін одан әрі шектей түседі деп жазады «Бизнес уик».
ХАЛЫҚТЫҚ БИЛІКТІҢ ЖОҚТЫҒЫ
Басылым аймақтардың ұтымдырақ даму мүмкіндігінің пайдаланылмауына кінәлі елдегі саяси жүйе деп атап көрсетеді. Астанадағы орталық билік тіке тағайындайтын жергілікті билік орындарының басшылары көбіне облыс мүдделерін қорғауға келгенде немкеттілік танытады, себебі олар тек орталық билік орындары алдында ғана жауапты әрі халық тарабынан сайланып қойылмайды.
Жекелеген шенеуніктер әдетте жоғары билік элитасына берілген рулас әрі мүдделес адамдар қатарынан алынады және көп жағдайда олардың ұйымдастырушылық қабілеті жеткіліксіз болып жатады, өйткені олардың жұмысы талантына қарап бағаланбайды. Жүйені сынаушылардың айтуынша, тағайындалып қойылатын шенеуніктер әдетте өздерімен бірге таныстары мен достарын ала келеді, ал олардың ой - өрісі одан да тар, құлқыны одан әрмен тойымсыздыққа бейім. Ойлағаны өзінің қалтасының қамы болғандықтан, бұлар жергілікті халық мүддесіне келгенде көбінесе салғырттық танытады.
Атырау облысында тіркелген мемлекеттік емес «Демос» ұйымының белсендісі Тоғжан Қизатова: «Егер жергілікті билік орындары жергілікті бюджет қорларын жемқорлықсыз тиімді пайдалана білсе, біз жалпыұлттық ауқымдағы бюджет қаражатын қайта үлестірудің кез-келген жүйесінің көмегінсіз өз мәселелерімізді жеңіл шешіп ала алар едік»,- дейді.
Алайда, мұндай пікірге қарсылар да жоқ емес. «Аймақ деңгейінде бюджеттік қорларды пайдалану әлдеқайда тиімді жүргізілуде. Ол жерлерде іс жүзіне асырылып жатқан жобалар ... коммуналдық қоғамдық қызметтер, инфрақұрылым және денсаулық сақтау жүйесінің жұмысын жетілдіру қажеттілігімен байланыстырылған», - деп мәлімдейді елдегі билеуші партияның мүшесі, Мәжіліс депутаты Евгений Аман.
Күні бүгінге дейін, енжарлық пен селқостық баураған жергілікті аймақ тұрғындары өздерінің наразылықтарын білдіруге белсенділік танытқан жоқ. «Басты мәселе жергілікті сайланбалы билік орындарындағы халық өкілдері қалайша жергілікті басқару органдарының жұмысының тиімділігін кепілдендіре алатындығында жатыр» деген пікір айтады бақылаушылар.
Астана мен Алматы биыл да онсыз да кірісі азайып отырған мемлекеттік бюджеттен қомақты қаржыны қармап қалуға қол жеткізді. Ал бұл жағдай сумен қамтамасыз етуде қорлық көрген Степногордағы тәрізді келеңсіз жайттардың алдын алып, өздерінің негізгі әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыру ісіндегі облыстар мүмкіндігін бұрынғыдан да тарылта түсті.
Америкада жарық көретін «Бизнес уик» журналы таяуда Қазақстандағы әлеуметтік ахуалға шолу жасайтын мақала жариялаған болатын. Биылғы ақпан айында Солтүстік Қазақстандағы Степногор кентінде ұзақ жылдар жөндеуден өткізілмегендіктен тозып, пайдалануға жарамайтын күйге жеткен сумен жабдықтау жүйесінде болған апат салдарынан тұрғындар бір апта бойы су тапшылығының азабын тартты.
Совет заманында бұл қалаға бюджет тарапынан мол мөлшерде қаржы бөлінетін әрі кент «құпия» деген мәртебеге ие болатын – мұнда әлемдегі ең ірі биологиялық қару жасау зауыты орналасқан еді. Соңғы жылдары кент тұрғындары тұрмыс тауқыметін тартып келе жатыр, мұның бір себебі тұрғылықты азаматтар жұмыс істейтін жергілікті металлургиялық зауыттың жабылуынан да болды. Дегенмен, Степногордағы да, сонымен қатар бұл ұлан байтақ жерге ие елдің басқа да аймақтарындағы инфрақұрылымның күйреуінің басты себебі мұнда емес.
Жер ауқымы Батыс Еуропаның жер ауқымымен шамалас болатын Қазақстанда аймақтардың өзара тең деңгейде дамуын көздейтін
Степногорск қаласының тұрғындары техногендік апат жағдайында су кезегінде тұр. Жергілікті "Престиж" газетінің сайтындағы сурет http://press.ucoz.kz.
бағдарламаларды жасау ісі енді ғана қолға алынып жатыр. Экономика салаларының әртүрлі дәрежеде дамуы, тұрғын халық санының аздығы, (басты шаруашылық орталықтарының арасындағы) алыс ара қашықтық және совет дәуірінен қалған инфрақұрылымның азып-тозуына қоса бұл мемлекет жергілікті басқару жүйесінің жетілмегендігінің де зардабын тартып отыр деп атап көрсетеді журнал. Астана мен Алматы тәрізді үлкен қалалар ғана шынында да тұрақты дамудың жемісін жеп, игілігін көріп отыр, ал аймақтар болса соңғы бірнеше жыл ішінде мемлекет бюджетіне қомақты көлемде пайда әкелген экономиканың қарқынды дамуынан өз үлесін алудан құр қалды.
Еуропаның қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) 2006 жылы жарық көрген құжатында, елдегі байлар мен кедейлердің өмір сүру деңгейінде үлкен айырмашылық бар екені айтылған. Медициналық қызмет көрсету мен канализация, таза сумен қамтамасыз етілу, орталық жылу беру жүйесін пайдалану тәрізді басты инфрақұрылымдық қызмет түрлеріне қол жеткізу дәрежесінде де осындай үлкен айырмашылық байқалған.
Степногорск қаласының тұрғындары техногендік апат жағдайында су кезегінде тұр. Жергілікті "Престиж" газетінің сайтынан сурет http://press.ucoz.kz.
Жүйені сынаушылардың пікірінше, - деп жазады басылым,- мәселелердің түбірі қаржы қорларын орталықтан облыстарға үлестіруді іс жүзіне асырып отырған орталықтандырылған жүйе кемшілігінде жатыр. Себебі, мұндай жүйе жұмысының нәтижесін болжап білуге болмайды әрі ол ашық емес. Сонымен қатар, мұнда мемлекеттік бюджеттен бөлінген қорлардың үлестірілуі көбінесе осы үшін жауапты шенеуніктердің шешіміне тым тәуелді болып келеді. Ұлттық байлықтың негізгі бөлігін елдің батысындағы мұнай мен газ өндіретін және елдің орталық әрі шығыс бөліктеріндегі минерал шикізатын өндіретін бірқатар басқа да кәсіпорындар құрайды. Бұл компаниялар Ұлттық қорға құйылатын салықты төлеуге міндетті, осы арқылы мемлекеттік бюджет кірісінің басты бөлігі қалыптасып отыр. Ал жергілікті бюджеттер болса негізінен жеке табыс салықтары мен орталық мемлекеттік бюджеттен келетін ауқымды мөлшердегі трансферттер есебінен қалыптастырылады, бұл қаражат даму бағдарламалары мен әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін қаржыландыруға жұмсалады.