Съезде сөз сөйлеген Қазақстан президенті, әрі «Нұр Отан» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев «14 жыл бұрын партияның алғашқы сьезінде 400 делегат қана қатысқанын» айта келе:
– Аз ғана жылда «Нұр Отан» партиясы 250 филиалы, 6 300 бастауыш ұйымы бар алып ұйымға айналды. Елдік істердің барлығына белсене араласып келеді. Менің бастамаларыма әрдайым қызу қолдау білдіріп, идеяларымды құлшына іске асырып келеді, – деді.
Оның пікірінше, «Нұр Отан» – нақты нәтиженің, ілкімді істің партиясы».
Президент Назарбаев сьезде тіл мәселесін де сөз етті. «Қазір қазақтардың үлесі 70 пайыздан асқанын» айтқан Нұрсұлтан Назарбаевтың пікірінше, «қазақтілді аймақтар іс қағаздарын жүргізуде қазақшаға көшуі қажет, қазақтілді тұрғындар аз өңірлерде қостілділікті сақтау керек».
– Әлемдік алты тілдің бірі ретінде елімізде орыс тілін де сақтауымыз керек. Бұл халықтың әл-ауқаты үшін қызмет етеді... Ұлы көршімізбен қарым-қатынас еш уақытта қалмайды. Көршіні Құдай береді, яғни көршіні сұрап алмайсың. Ата-бабаларымыздан келе жатқан мәңгілік достығымыз бар, оны сақтап қалу – бізге парыз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Оның айтуынша, «болашақта технология Қытайдан келсе – бәріміз қытайша сөйлеуге тырысамыз, Ресейден келсе – орысша білуіміз керек».
Қазақстан президенті «елдің ендігі мақсаты – дамыған 30 елдің қатарына ену» екенін, «отыздыққа» енуге «Қазақстан-2050» бағдарламасы көмектесетінін» айтты.
– Бағдарлама жан-жақты жасалды. Біз не істеу керегін білеміз, әрі оны қалай істеп, сол арқылы қандай мақсаттарға жететінімізді де болжап отырмыз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
«Алда биік-биік белестер бар» екенін айтқан президент Назарбаев сөзін «Мәңгілік елді бірге жасайық. «Нұр Отан», алға! Қазақстан, алға!» деп аяқтады.
«Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы бүгін өтіп жатқан сьезінде ресми атауынан «халықтық-демократиялық» сөзін алып тастады. Партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің айтуынша, «Халықаралық тәжірибеде саяси партиялар идеологиялық ұстанымын алға шығарып, ресми білдіріп жатпайды. Оның үстіне халық партияны қашан да «Нұр Отан» партиясы деп атайды».
1999 жылы «Отан» деген атпен құрылған партия 2006 жылы «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы» болып өзгерген. «Нұр Отанның» құрамына «Отан», «Асар», «Азаматтық партия» және «Аграрлық партия» біріккен. 2007 жылы тамызда өткен парламент сайлауында «Нұр Отанның» жеңіске жеткені жарияланып, ол "билік партиясы", кейін "билеуші партия" деп атала бастады.
2012 жылдың басында өткен парламент сайлауында «Нұр Отанның» 80,99 пайыз дауыс жинағаны хабарланып, бұл партия парламент мәжілісіндегі 107 орынның 83-ін иеленіп отыр.