Қаңтардың 12-сі күні Жамбыл облысы Жуалы ауданының тұрғыны Ақыл Бейсембаев «Нұр Отан» ХДП ғимаратының алдына барып, референдум өткізуге қарсылығын білдірді деп хабарлады тіркелмеген «Алға» партиясы Жамбыл облыстық филиалының баспасөз хатшысы Андрей Сивко. «Референдум 2011. Жоқ», «Сайлау 2012. Иә» деген жазуы бар белгіні көтеріп тұрған Бейсембаевқа прокуратураның тісі батпады.
Прокуратура қызметкерлері бұл акцияның басталар сәтін күтіп, алақандарын ысқылап тұр еді. Олар «Алға» партиясының мүшесі Ақыл Бейсембаевтың жанына келіп, 1995 жылы 17 наурызда қабылданған «Қазақстан Республикасында бейбіт жиын, митинг, шеру, пикет және демонстрация ұйымдастыру мен өткізу туралы заңды» бұзғанын ескертті.
Мұндай айып тағыларын алдын-ала білген Ақыл прокуратурадан күні бұрын алған жауабын көрсетті. Онда «бұл заңның жалғыз адамға еш қатысы жоғы», «бір адамның қарсылық акциясын өткіземін деп билік орындарына ескертуі керек емесі» жазылған екен. Мұны оқыған прокуратура қызметкері сасып қалып, бастықтарымен ақылдасуға тұра жөнелді.
Референдум өткізуге қарсылығын жарты сағат бойы жариялап тұрған Ақыл Бейсембаев акция орнынан еш кедергісіз қайтты.
Естеріңізде болар, қаңтардың 6-сы күні Оралда бір топ адам Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілетін ұзарту туралы референдум өткізуге қарсылық білдіріп, алаңға шыққан еді. Қазір олардың алды 10 тәулікке, одан кейінгісі 5 тәулікке қамалып, оған қоса 100-150 АҚШ доллары шамасында айып төлейтін болды. «Бақтары» бары айыппұлмен ғана «құтылды».
Қаңтардың 11-і күні Алматыдағы «Нұр Отан» партиясы кеңсесінің алдында референдум өткізуге қарсы мәлімдеме жасап, наразылық акциясын өткізген жастарды полиция ұстап алып әкеткен. Енді ертең (қаңтардың 13-і күні сағат 10-30-да) олардың сотына да куә боламыз.
Нұрсұлтан Назарбаевтың президенттік өкілетін 2020 жылға дейін ұзарту туралы референдум өткізуді көксейтін бастамашыл топ қолдаушы жұрттың қолын кеше жинап бітіп, Орталық сайлау комиссиясына өткізген еді. Бүгін ол топ «Біздің бастамамыз қоғамда айрықша серпіліс туғызды және бес миллионнан астам қазақстандықтар, яғни сайлаушылардың 55 пайызы референдум өткізуді қолдады» деп, президент Назарбаев пен парламент депутаттарының атына қос үндеу жолдады.