2012 жылғы желтоқсанның 25-і күні Шымкент әуежайына бет алған ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің Ан-42 ұшағы апатқа ұшырады. Апат кезінде ұшақ бортында отырған 27 адамның барлығы қаза тапты. Оның ішінде шекара қызметі басшысының міндетін атқарушы Тұрғанбек Стамбеков пен оның әйелі, шекара қызметінің офицерлері мен ұшақ экипажының жеті мүшесі бар.
«Коррупция мен ұйымдасқан қылмысты тексеру орталығы» (OCCRP) халықаралық ұйымы жүргізген тексеру нәтижелері апатқа ұшыраған ұшақты жөндеу кезінде жемқорлыққа жол берілгенін, ұшақтың кейбір негізгі аспаптарында ақау болғанын көрсетті.
АПАТТАН КЕЙІН ҮШ АДАМ ҚАМАЛДЫ
Қазақстан билігі ұшақтың апатқа ұшырау себебін бір айдай тексерді. Бұл іспен Қазақстан қорғаныс министрлігі мен транспорт және коммуникациялар министрлігінің 13 маманынан құрылған арнайы комиссия айналысты. Тексеру жұмыстарына Украинаның «Укрспецэкспорт» мемлекеттік компаниясының жеті маманы тартылғаны хабарланды. Ан-72 ұшағы мен Қазақстанның басқа да әскери техникасын Украинада жөндеуді осы компания ұйымдастырған болатын.
2013 жылдың қаңтарында Қазақстан бас прокуратурасы ұшақтың апатқа ұшырауына «борт жабдықтарындағы ақаулар (автопилот, барометр және биіктікті көрсететін аспаптың істен шығуы), экипаж командирінің ұшақты басқарудағы қателіктері, әуедегі ұшаққа мұз қатуы» себеп болғанын хабарлады.
Қаңтар айының аяғында қару-жарақты сатып алу мен жаңарту жұмыстарына жауапты генерал Алмаз Әсенов пен Украинаның екі азаматы - «Укрспецэкспорт» компаниясының қызметкерлері Александр Школяренко және Александр Хрулев тұтқындалды. Қазақстанның бас прокуроры Асхат Дауылбаев «украиналық компания өкілдері әскери техниканы жөндеу үшін қорғаныс министрлігіндегі шенеуніктерге пара берген» деп мәлімдеді.
OCCRP ЖҮРГІЗГЕН ТЕКСЕРУ
Биыл желтоқсан айының ортасында «Жемқорлық мен ұйымдасқан қылмысты тексеру орталығы» (OCCRP) халықаралық ұйымы осы істі тексеру нәтижелерін жариялады.
«Жемқорлық мен ұйымдасқан қылмысты тексеру орталығы» сайтында жарияланған мақала авторы, парақорлық туралы қылмыстық іске қатысты сот отырыстарының хаттамалары мен үкімдерімен танысып шыққан Анна Бабинец «Ұшақтың апатқа ұшырауына жергілікті әскерилерді парамен сатып алу туралы жыл басында Қазақстанда туған жанжалға қатысты ашылған жайттар себеп болған деген болжам жасауға келеді» деп жазады
Астана соты «Укрспецэкспорт» компаниясы екі Ан-72 ұшағын жөндеуден өткізу туралы келісім-шартқа отыру үшін қазақстандық әріптестеріне 500 мың доллардан аса пара бергенін анықтады. OCCRP ұйымына апатта туысы қаза тапқан куәгерлердің бірі өзі алған параның бір бөлігін - 40 мың долларды қайтарып та бергенін айтқан.
Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, украиналық әріптестерінен басқа келісім-шарттар бойынша да пара алған генерал Әсенов 200 мың доллармен ұсталды. Бұл ақшаны оның көлігіне «Укрспецэкспорт» компаниясының аймақтық департаментінің бастығы Александр Школяренко қалдырған.
OCCRP мақаласында «Алдын ала келісім бойынша ақша әуелі Қазақстандағы үшінші тұлғаның атына аударылған. Кейін оны қолма қол ақшаға айналдырған. Школяренко немесе оның сенімді адамы Астанаға келіп, телефон арқылы кездесу белгілеген адамның қолына қолма қол ақшаны өткізіп отырған» деп жазылған.
ГЕНЕРАЛ ЕСЕТОВТІҢ "АТЫЛУЫ"
«Укрспецэкспорт» компаниясының екі менеджері қамалғаннан кейін көп ұзамай, 2013 жылы қаңтардың 31-інде Қазақстан шекара қызметі бас басқарамасының бұрынғы бастығы Талғат Есетовтің кабинетінен оның оқ тиген өлі денесі табылды. OCCRP сайтында жарияланған мақала авторы Анна Бабинец «2010 жылдың қыркүйек айында генерал Есетов өзі басқаратын ведомство балансындағы Ан-72 ұшақтарының бірін жөндеуден өткізу туралы «Укрспецэкспорт» компаниясымен келісім-шартқа отырған. Ол келісім-шартта қарастырылған соманың 15 пайызын «откат» ретінде алатын болып келіскен» деп жазады.
Биыл желтоқсан айында Қазақстан билігі «өзіне өзі қол салған» деген болжамға тоқталып, генерал Есетовтың өліміне қатысты қозғалған қылмыстық істі жапты.
2013 жылдың шілде айында Қазақстан соты «пара алды» деп айыпталған генерал Алмаз Әсеновтің дүние-мүлкін тәркілеу, генерал шенінен айыру, ал өзін 11 жылға соттау туралы үкім шығарды. Александр Школяренко мен оның орынбасары Александр Хрулевтің де дүние-мүлкі тәркіленіп, өздері алты жылға сотталды.
OCCRP ұйымы жариялаған есепке қарағанда, Украинаның мемлекеттік қызметкерлері Школяренко мен Хрулев тиімді әскери контрактілер алу үшін 2011 және 2013 жылдар аралығында қазақстандық әріптестеріне пара ретінде бір жарым миллиондай доллар берген. Бұл келісім-шарттарда Ан-72 ұшақтарынан бөлек, үш МиГ-29 истребитель-ұшағын жөндеу және қару-жарақ сатып алу қарастырылған.

Апатта туысы қаза тапқан куәгерлердің бірі өзі алған параның бір бөлігін - 40 мың долларды қайтарып та бергенін айтқан.