Accessibility links

Петр Своиктың онлайн-конференциясы


Cаясаткер Петр Своик Азаттықтың Алматы бюросында онлайн-конференцияда отыр. 9 тамыз 2012.
Cаясаткер Петр Своик Азаттықтың Алматы бюросында онлайн-конференцияда отыр. 9 тамыз 2012.
Azattyq.org сайты тамыздың 9-ында саясаткер Петр Своикпен онлайн-конференция өткізді.

65 жастағы Петр Своик 1947 жылы Ресейдің Ленинград облысы Зеленогорск қаласында туған. Алматыдағы энергетика және байланыс университетін бітірген.

Қазір жалпыұлттық социал-демократиялық «Азат» партиясының («Азат» ЖСДП) президиум мүшесі.

Техника ғылымдарының кандидаты. Еңбек жолын 1960-70 жылдары өндіріс орындарында инженерлік кәсіппен бастаған.

Своик саясатқа тәуелсіздіктің алғашқы жылдары (1990-1996 ж.ж.) келді. СССР және Қазақстанның жоғарғы кеңесінің депутаты болды, Қазақстанның монополиямен күрес комитетінің төрағасы қызметін атқарды.

2002 жылы ол «Қазақстанның демократиялық таңдауы» оппозициялық партиясының саяси кеңесіне мүше болып кірді.

Своиктің жақында ақпарат құралдарына берген сұқбаты қоғамда пікірталас тудырды.

- Қазақстанда шын мәнінде мемлекеттік тіл - орыс тілі. Элитаның арқасында осылай болып отыр. Қазақ тілі ертелі-кеш екінші қатардағы тілге айналады. Мектепте міндеттеп оқыту, депутаттарға, министрлерге, мемлекеттік мекеме жетекшілеріне қазақ тілін білуді міндеттеу арқылы ғана біз оны екінші мемлекеттік тіл дәрежесіне көтере аламыз, - деген еді Своик.

Қадірлі оқырман, саясаткердің онлайн-конференциядағы жауабын Азаттықтың орыс тіліндегі сайтынан оқи аласыздар.
XS
SM
MD
LG