25 жастағы алматылық эстрада әншісі Ғалымжан Молданазар - Қазақстанның кейбір өңірлерінде су тасқынынан зардап шеккен адамдарға көмектесу мақсатында қайырымдылық концертін өткізуді ұсынған өнерпаздардың бірі.
Ол қазіргі эстраданың Synthpop, chillwave, pop, britpop жанрында ән шырқайды. Оның «Ақпен бiрге», «Алыстама», «Қош бол» тректері қазір жастар арасында танымал.
Ғалымжан Молданазар қатысатын қайырымдылық концерті сәуірдің 19-ы, сағат 17:00-де Алматыдағы «Чукотка-барда» (28 панфиловшылар саябағында) өтеді. Кіру тегін.
Күннің күрт жылынуынан Қазақстанның орталығы мен шығысы және солтүстігіндегі кей облыстарда 50 елдімекенді су басып, әлденеше көпір мен жолды су шайып кетті. Су басқан аймақтардан мыңдаған тұрғын эвакуацияланған.