Биылдан бастап Қазақстанның қылмыстық кодексі, қылмыстық іс жүргізу кодексі, қылмыстық-атқару кодексі, әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстеріне енгізілген өзгертулер күшіне енді. Азаттық сайты осы заңнама талаптары туралы заңгер, құқыққорғаушы Амангелді Шорманбаевпен онлайн-конференция өткізді.
Амангелді Шорманбаев 2001 жылдан бастап халықаралық адам құқықтарын қорғау ұйымдарында жұмыс істейді. Ол Адам құқықтары бюросы, Адам құқықтары хартиясы, Халықаралық құқықтық бастама шараларына қатысқан. Адам құқықтарын қорғау барысында үлескерлер қозғалысына араласқан. Саяси және азаматтық құқықтар, оның ішінде демократия, құқық басымдылығы, еркін сайлау, бірлесу және жиналу еркіндігі бойынша сарапшы маман.
Ол адам құқығын қорғау мен дамыту барысында халықаралық ұйымдардың, соның ішінде БҰҰ, ЕҚЫҰ, Еуропа Кеңесі, Еуропа Одағы жобаларына қатысқан.