Accessibility links

Жармахан Тұяқбаймен онлайн-конференция


Азаттық 5 желтоқсанда Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының төрағасы Жармахан Тұяқбаймен онлайн-конференция өткізді.

Саясаткер Жармахан Тұяқбай «Қазақстан болашағы үшін» жалпыхалықтық құрылтай ұйымдастыру туралы бастама көтерді. Оның айтуынша, құрылтайды 2014 жылдың ақпан айында шақыру жоспарланып отыр.

Жармахан Тұяқбай Қазақстаның бас прокуроры, мемлекеттік тергеу комитетінің төрағасы, екінші шақырылымдағы парламент мәжілісінің төрағасы қызметтерін атқарған.

Ол 2004 жылы күзде мәжіліс депутаты мандатынан бас тартып, президенттік «Отан» (қазіргі «Нұр Отан») партиясының қатарынан шығып, оппозиция қатарына қосылды. 2005 жылы Қазақстан президенті сайлауына оппозицияның ортақ кандидаты ретінде қатысты.

2006 жылдың қыркүйегінен бері Қазақстанның Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының (ЖСДП) төрағасы.

Жармахан Тұяқбаймен өткен онлайн-конференция видеосы:

XS
SM
MD
LG